KZ
Шын мәнінде адамдар жұмыртқаны қалай сақтау керек екенін білмейді
Новости Интересно

Шын мәнінде адамдар жұмыртқаны қалай сақтау керек екенін білмейді

Расcказать Вконтакте

Бір қарағанда жұмыртқа бабы оңай азық-түлік сияқты, алайда шын мәнінде жұрт оны қалай сақтау керек екенін жөнді білмейді. АҚШ-та оны тоңазытқышта ұстайды, ал кейбір Еуропа елдерінде оны бөлме температурасында сақтайды.

Денсаулыққа зиян келтіретін жұмыртқаның өзі емес, ондағы сальмонелла бактериялары. Олар тірі жануарлардың ішегінде тіршілік етеді. Егер олар азық-түлік құрамына еніп кетсе, адам ағзасы үшін өте қауіпті.Сальмонелла  — іш сүзегі мен сальмонеллёз ауруына шалдықтырады. Ондай ауруға душар болған адамның жүрегі айниды, құсады, іші өтеді. Олар қарт адамдарға, кішкентай балаларға, иммундық жүйесі әлсіз адамдарға аса қауіпті.

Қауіпсіздік үшін дүкендерге келіп түскен тағамдарды санитарлық қызмет бақылап отырады, алайда бактериялардан толық сақтану бәрібір мүмкін емес.

4 °С температурада сальмонелланың көбеюі бәсеңдейді, ал жұмыртқаның температурасын  71 °С дейін қыздырса бар бактерия жойылады.

Американдықтар жұмыртқаны неліктен тоңазытқышта сақтайды?

АҚШ-та сальмонелланы жұмыртқаның сыртынан жойып отырады, олар жұмыртқа саудаға түспей тұрып тазалайды. Бұл әдіс Жапония, Австралия мен Скандинавия елдерінде жолға қойылған.

Жұмыртқаның қабығын сальмонелладан тазарту мүмкін, ал ішіндегі бактерияларды бұл әдіспен жою мүмкін емес.  Оның үстіне, тазалау барысында жұмыртқаның сыртқы қорғаныш қабаты жойылады. Сондықтан тазаланған жұмыртқаның ішіне кез келген бактерия кедергісіз еніп кетеді.

Осындай әдіспен тазаланған жұмыртқаны тоңазытқышта 7 °С тан жоғары емес температурада сақтайды. Ондағы жұмыртқаны тоңазытқыштан тек қолданар алдында алу керек

Еуропада жұмыртқаны не үшін тоңазытқышқа салмайды?

Еуропада сальмонелла жоқ деп айтуға болмайды. Бірақ бұл жақта жұмыртқаны тазаламайды. Олар жаппай егу мен сантиарлық жағдайға мән береді. Сондықтан жұмыртқаны тоңазытқышқа сақтап қажеті жоқ.

Жұмыртқаны тоңазытқышта қалай сақтайды?

Санитарлық ережелерге сай, жұмыртқаны ұзақ уақыт сақтауға болмайды. Тоңазытқыш бактериялардың көбейіп кетпеуіне ықпал етіп, оның сақтау мерзімін ұзартса да, жұмыртқаны сақтаудың өзіндік ережелерін ұстанған жөн.

Жұмыртқа иісті жақсы сіңіреді. Сарымсақтың, балықтың иісі шығып кетпес үшін оны жабық ыдыста сақтаған жөн.

Жұмыртқаны тоңазытқыштың есігінде сақтауға болмайды. Өйткені есікті ашып-жапқанда температураның өзгеруі жұмыртқа қабығының қорғаныш қызметін бұзады.

Ваша реакция
19
4
19
8
0
11
51
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Mailfire view pixel