Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өз бақытын екінші некесінен тапқан жұлдыздар кімдер?

Опубликовано:

Маңдайға жазылған тағдырдан қашып, ешкім ешқайда кете алмайды. Оған қара халық та, патша да бағынады. Қарапайым халыққа қолжетімсіз көрінетін жұлдыздардың өзі өмірде мың сүрініп, мың құлап жатады. Дегенмен, олардың бар айырмашылығы - әрдайым ел аузынан түспейтіндігі. NUR.KZ порталы бірінші отбасы сәтсіз болса да, өмірде екінші мәрте өз бақыттарын таба алған жұлдыздарды назарға ұсынады.

Айнұр Тұрсынбаева

Айнұр Тұрсынбаева қазіргі жары, экс-депутат Шамсат Исабековпен екінші рет отбасын құрғаны белгілі. "Жұлдыздар отбасы" басылымының жазуынша, Шамсат Исабеков пен Айнұрдың ортақ перзенттері жоқ. Есесіне, Айнұрдың ұлы Беглан мен қызы Айдана бірінші күйеуінен туған балалары деп жазады басылым. Ел алдына өзінің екінші жарын көрсете бермейтін әнші болса, жұбайы оның өнеріне ғашық болғанын жиі айтады.

Мәдина Сәдуақасова

Мәдина Сәдуақасованың алғашқы некесі сәтсіз болғаны туралы әңгіме де халық арасында кеңінен тараған. Ол алғаш рет Бақытжан Қуанышбаев есімді азаматқа тұрмысқа шыққан. Бірақ әскери адаммен арадағы некенің жолы болмады. Ақырында, араға біраз жылдар салып, Сәдуақасова "Хабар" арнасының режиссері Олжаспен көңіл жарастырып, отбасын құрады. Бүгінде олар Әнуар есімді ұл тәрбиелеп отыр. Шығармашылығының жиырма жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған кешінде Мәдина балалы болу бақытын қанша жыл күткенін атап өткен еді.

Гүлбаршын Тергеубекова

Танымал әнші Гүлбаршын Тергеубекова да екінші рет сәтті тұрмысқа шыққан. Екі баласымен жазушы әрі ақын Дидар Амантайға тұрмысқа шыққан әнші бүгінде сәбилі болды. Дидар Амантайдың Гүлбаршынға деген көзқарасы ерекше екенін жазушының жарына арнап жазған жырларынан көруге болады. Олар өздерінің желідегі парақшаларына бірге түскен суреттерін жариялаудан жалықпайды.

Асхат Садырбай

Танымал әнші Ерке Есмаханның бұрынғы күйеуі Асхат Садырбай Еркемен ажырасқаннан соң, тағы бір мәрте отбасын құрады. Ол өзінің Еркемен арадағы қатынасы туралы көп айта бермейді. Алайда, әлеуметтік желілерде Ерке Есмахан оны өзіне қол көтерді деп айыптаған болатын. Бұл сөздердің барлығына ешқандай жауап бергісі келмеген Асхат жаңа отбасын құрды. Бүгінде олар сәби сүйіп отырған бақытты ата-ана.

Ділназ Ахмадиева

Ділназ Ахмадиева да өзінің бірінші күйеуімен ажырасып кеткені белгілі. Дегенмен ол бүгінде отбасылы адаммен көңіл жарастырып жүргенін айтқан болатын. Әнші өзінің кез келген жазбасында бақытты екенін жазудан жалықпайды. "Менің ол жазбаларымның барлығы шынайы", - деген болатын әнші бір сұхбатында.

Ерлан Орынбасаров

Танымал жұлдызды жұп Баян Нұрмышева мен Ерлан Орынбасаров екінші рет отбасын құрып, бақытқа кенелген жандар. Олардың бүгінде Назаралы есімді ұлдары бар. Күні кеше отандық арналардың бірінде олар жуырда тағы бір жағымды жаңалық болатынын және сәбидің ұл болғанын күтіп жүргенін айтып қалды.

Жолбарыс Сейфуллин

Танымал әнші Жолбарыс Сейфуллин де бүгінде екінші рет отбасын құрған. Оның екінші мәрте отбасын құрғаны туралы ақпарат өткен жылдың күзінде таралып кеткен. Әнші желідегі парақшасына жұбайы Екатерина Лилуяның суретін жүктеп, оны "сүйіктім" деп жазып қойған. Бірінші әйелінен ажырасып кеткенін білген жұрт әншіні сөзбен сыбай жөнелгенімен, бұл сөздерге әнші онша назар аудара бермейді. Ол желіге өзінің бақытты отбасының суреттерін жүктеп, екі қызының суреттерінен салудан жалықпайды.

Сүндет Байғожин

Жуырда танымал опера әншісі Сүндат Байғожинның 19 жастағы "Қостанай аруы" Айткүлге жасаған үйлену туралы ұсынысы елді шулатты. Себебі, бұған дейін оның жапон балеринасына үйленгені белгілі еді. Сүндеттің бірінші отбасынан бір қызы бар. Ол басылымдарға берген сұхбаттарында бірінші әйелі туралы көп айта бермейді.  Әнші өзінің қызының анасының көңіліне тиетін сөздер айтқысы келмейтінін және ондай әңгімелер "әдептілікке жат" деп санайды.

Еркін Нұржанов

Еркін Нұржановтың бірінші некесі сәтсіз аяқталды. Кезінде Аягөз есімді бірінші жарына ол тіпті ән арнаған болатын. Бірақ, екі жастың дәм-тұзы жараспай, екеуі екі жаққа кетті. Бүгінді әнші екінші рет шаңырақ көтеріп, балалы-шағалы болып отыр.

Ділшат Ахмадиев

Биыл күзде БАҚ өкілдері Ділназ Ахмадиеваның ағасы Ділшаттың екінші рет шаңырақ көтергенін айтып шуласты. Үйлену тойының суреттері әншілердің ресми парақшаларында жарияланған жоқ. Ділшаттың бірінші некесінен бір қызы бар.

Мұрат Қожа

Әнші Мұрат Қожа өзінің үш баласы мен бірінші әйелінен кетіп, екінші рет шаңырақ көтергені белгілі. Бүгінде ол жас жары Айгеріммен бірге бақытты өмір сүруде. Мұраттың айтуынша, ол болашақ жарымен ортақ достарының үйінде танысқан. Қыздың сөйлеген сөзі де, әдебі де ұнап қалған әнші оны өзінің өмірлік жары етіп алған. Бүгінде ол екінші жарымен бақытты екенін жиі айтады. Ол әйелінің сұлулығын сөз етіп, оған өлең шумақтарын да жиі арнайды.

Тағы оқыңыздар:

Ұлттық экономика министрі: Туған тілімді ұмытып қалдым

Ақтөбеде теракт кезінде дәретханаға тығылған әскерилер сот үкімін күліп тыңдады (фото)

Астанада төрт жасар сәби күн санап қартайып бара жатыр (фото)

"Қара севда" сериалындағы ғашықтар өмірде араласпайтын болып шықты (фото)

Атырауда мектеп оқушысын құтырған ит талап тастады

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1379039-oz-baqytyn-ekinshi-nekesinen-tapqan-zhu/

pixel