Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айсұлтан Назарбаев президентті қоршаған ұрылар туралы айтты

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтан Назарбаев президентті қоршаған ұрылар туралы айтты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Президенттің немересі өзекті мәселелерге қатысты пікірін өз Facebook парақшасында жария еткен.

"Менің қызым және оның құрбылары тұратын Қазақстан туралы ойламаған бір күнім де болған емес. Сол үшін бүгін президент немересі ретінде өзекті мәселелерге қатысты пікір білдіргім келеді", - деп сөзін бастады Айсұлтан Назарбаев.

"Өкінішке қарай әлемде болып жатқан соңғы жайттар, әсіресе Еуропа мен АҚШ-тағы жағдай Қазақстанға жаңа, салмақты талаптар қоюда, қай салада болмасын - бұл әр қазақстандыққа қатысты. Әрине бұл талаптардың бәрі президенттің жауапкершілігіне артылды. Мемлекет басшысы Қазақстанды басқаруда мығым болып, өзін жоғары ұстауда - батыс баспасөзін оқысаңыз, бұған көзіңіз жетеді. Ал оның айналасындағы адамдар кулуарда "билік транзиті" туралы жүз рет айтып жатқанда, ол жай ғана жұмыс істеуде", - деп жалғастырды Айсұлтан.

Өкінішке қарай олардың кейбірі жұлдыз ауруын жеңе алмайды

"Президенттің командасында көп адам бар, олардың дені - өз ісінің шеберлері. Алайда, өкінішке қарай олардың кейбірі жұлдыз ауруын жеңе алмайды. Оларды кінәлау да дұрыс емес секілді - бұл ауру ғасырлар бойы талай мықты адамдардың сағын сындырған. Алайда факті факті болып қала береді: бұл адамдар, өкінішке қарай елдің, халықтың мұңынан алшақ, өздерінің жеке қызығушылықтарымен шектеледі. Мұндай ауру адамдар ауыр мемлекеттік тапсырмаларды орындауға құлықсыз болып қалады. Олар менің атама екі есе жұмыс істеу керек кезінде несімен көмектесе алады?", - дейді ол.

Ешбір жерде "халық жауы" деген ескі ұғым қолданылмайтын болды

"Біз Кәрім Мәсімов мырза президенттің айналасындағы жемқорлар санын азайтып жатқанын көріп отырмыз. Ешбір жерде "халық жауы" деген ескі ұғым қолданылмайтын болды. Дегенмен, бұл ұғым жоғары эшелондағы шенеуніктердің кейбіріне өте орынды деп санаймын. Себебі, олар өздеріне емес, халыққа кесірін тигізуде. Атамды біле отырып, мен келесіні нақты айта аламын: бұл ауыр жұмысты Мәсімов Қазақстан президенті айналасындағы жемқорлар толық тазармайынша жалғастыратын болады. Мұндай жағдайда жүйелі жұмысты "мыстандарды аулауға" айналдырмау маңызды - мақсат анық болуы керек - ұрыларды ұстап, заң бойынша жазасын беру", - дейді Айсұлтан.

"Адал мемлекеттік қызметкерлер "жағдай ушыққанға" бола қорықпауы тиіс. Барлық ушығу адамның жан-дүниесінен басталады. Себебі ұры өзінің ұры екенін қашан да біліп жүреді", - деп жалғастырды ол.

Ұлттық банк төрағасы Ақышев, президент аппаратының басшысы Жақсыбековтар өз орнын сақтап қала ма?

"Маған Ұлттық банк төрағасы Ақышев, президент аппаратының басшысы Жақсыбековтар өз орнын сақтап қала ма, сол қызық. Себебі, олардың тікелей қоластындағы адамдары ауыр жемқорлық, мемлекеттік қылмыстар жасады деп күдіктелуде. Ал мен айтылған азаматтарды жақсы білемін және олардың ту сыртынан тығылып қандай да бір істер жүргізгеніне ешқашан сенбеймін", - дейді Айсұлтан.

Аллаға шүкір, мұндай адамдар айтарлықтай көп емес

"Тексерулер бізге Өтемұратов пен Тасмағамбетов мырзаның қолдарын былғаған-былғамағанын көрсетеді. Дегенмен бүгінде көшеден кез келген адамнан сұрасаңыз - бұл адамдар халықты тонады деп айтады. Аллаға шүкір, мұндай адамдар айтарлықтай көп емес. Олар туғызып отырған негатив елімізді бұлт үйіргендей жағдайға қалдыруда. Бәлкім, «ағашкалар» дәуірі өтіп бара жатқан болар. Қазақстан көз алдымызда өзгеріп келеді. ҰҚК-нің жаңа төрағасының осындай көп проблеманың барлығын шешуге уақыты да мүмкіндігі де жетеді дегенге өз басым сенімдімін. Қазіргі таңда оның рөлі ел үшін әлдеқайда маңызды болып отыр", - деп жалғастырды Айсұлтан Назарбаев..

Қазақстандағы жемқорлықты ертегідегідей еске алып отырамын

"Өзімнің барлық достарымды, ал олар менде өте көп, сонымен бірге өз дәуірімнің жастарын Қазақстанның тұрақтылық пен тәуелсіздікті нығайтуға қарай бет алған стратегиялық бағытын нығайтуға шақырамын. Себебі, уақыт өте келе, біз бұл үшін, Қазақстанның болашағы үшін өз балаларымыздың алдында жауап береміз ғой. Жылдар өте келе, менің бой жетіп қалған қызым фейсбуктағы осы жазбамды оқитыны анық. Интернетте ешнәрсе де жоғалып кетпейді. Мен сол кезде оған Қазақстандағы жемқорлықты ертегідегідей еске алып отырамын деген үміттемін. Оған ел тізгінін әлдебір қара күштер басып алғысы келгенін, олар халыққа жақсылық тілемегенін айтып берермін. Бірақ кейіннен барлығы да жақсы жағына қарай өзгергені туралы айтармын деп сенемін", - деп ойын түйді ол.

Тағы оқыңыздар:

БҚО-да газшылардың қызметінен кейін егіз балалардың анасы ыс тиіп көз жұмды

Қазақстан парламенті өзінің қосымша өкілеттігін өзі ұсынбақ

Шымкенттіктер бала туу көрсеткіші бойынша елімізде көш бастады

Қожайынының қолын құшақтағанды ұнататын ерке мысық желіде жұлдыз болды

ОҚО әкімі жігіттер тиіссе, дзюдошы қыздардан көмек сұрайтынын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1377362-aysultan-nazarbaev-prezidentti-qorsh/

pixel