Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мезгілсіз көз жұмған қазақ баласына айфон тәріздес құлпытас қойылды (фото)

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде мезгілсіз көз жұмған қазақ баласына айфон тәріздес құлпытас қойылғаны туралы ақпарат тарады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Белгілі болғандай, бұл құлпытас қазақ жігітіне жайдан-жай қойылмаған болып шықты. Берік Дауенов есімді желі қолданушысы өз Facebook парақшасында бұл жайттың қалай болғанын баяндап берді.

"Көптеген желі қолданушылар түсініксіз құлпытасты көріп, таңданыстарын жасыра алмауда... Бұл Заңғар Орынбетов деген жігіт. Бұл күндері ортамызда болмаса да, артына өшпес із қалдырды. Жас ғалым Заңғар Орынбетов iPhone мен iPad-қа арналған қазақша пернетақта енгізген болатын. Құлпытастың осылай таңдалуына қысқаша түсінік беріп өтсем, түсінген боларсыздар", - деп жазған Берік Дауенов есімді желі қолданушысы.

Өзге желі қолданушылары қайтыс болған жас жігіттің жақындарына көңіл айтуда.

"Кеше қайғылы жағдай болып, біздің университеттің алтын ұстазы Орынбетов Заңғар дүниеден озды... Біз сіз туралы сыртыңыздан естіп қызығатынбыз... Әлем бойынша Қазақстаннан Apple-дың конференциясына тұңғыш рет қатысып, оның басшысымен жүздесу бұл нағыз ерліктің ерлігі! Иманың жолдас болсын жас ғалым", - деп жазған студенттердің бірі.

Тағы оқыңыздар:

БҚО-да газшылардың қызметінен кейін егіз балалардың анасы ыс тиіп көз жұмды

Қазақстан парламенті өзінің қосымша өкілеттігін өзі ұсынбақ

Шымкенттіктер бала туу көрсеткіші бойынша елімізде көш бастады

Қожайынының қолын құшақтағанды ұнататын ерке мысық желіде жұлдыз болды

ОҚО әкімі жігіттер тиіссе, дзюдошы қыздардан көмек сұрайтынын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1377333-mezgilsiz-koz-zhumghan-qazaq-balasyna/

pixel