1366809 Тұрғын: 1 жылда 365 адам баспаналы бола алады ➨ Читайте больше на NUR.KZ Общество

Алматылық тұрғын бір теңгеге бір үй сатып алуды ұсынды

Әлеуметтік желіде Нұрдәулет Нұрәділ есімді қолданушы "1 теңгеге 1 үй" атты ерекше ұсынысын жария етті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Алматылық тұрғын бір теңгеге бір үй сатып алуды ұсынды

Алматылық тұрғын бір теңгеге пәтер сатып алуды ұсынды. Фото: Нұрдәулет Нұрәділ

Тұрғын өз ұсынысын Facebook парақшасында жариялаған.

"Қазіргі таңда баспана мәселесі барша қазақтың басты уайымына айналып үлгерді. Әсіресе жастардың. Мемлекеттік бағдарламамен берілетін үйлердің саны мұқтаж жандардың 10 пайызын қамтамасыз ете алмай келеді. "Енді қалай баспаналы болам?"- деп, тапқаны тамағынан артылмайтын ағайынға қалай үй алып беруге болады?", - деп ойын сұрақтан басталы ол.

Меніңше, 1 теңгені садақаға бере алатын 10 млн адам бар

"Егер біз біріге алсақ, 1 теңгемізді бір отбасы үшін қисақ бұл мәселені де шешуге болады. Ол бәріміз білетін мынандай есеп, тек беделді тұлғалар мен белді ақпарат көздері қолдаса болғаны. Ресми ақпарат бойынша Қазақстанда 17 млн 671 мың адам тұратыны мәлім. Біз соның 7 млн-ын есепке алмадық дегеннің өзінде 10 млн адам қалады. Меніңше, 1 теңгені садақаға бере алатын 10 млн адам бар", - деп жалғастырды Нұрдәулет.

Қазақтың баспана мәселесі өзінен өзі-ақ шешілер еді

"Ендеше, бізде 10 млн теңге жиналады. Бұл дегеніңіз Алматы мен Астанадан 1 немесе 2 бөлмелі, ал қалған қалалардан 3-4 бөлмелі үй алатын ақша. Осылайша әр жұма сайын 1 теңгеден садақа беріп отырсақ, 1 жылда 52 отбасын бақытқа бөлеп мол сауапқа қалар едік. Егер күн сайын 1 теңгеден жиналса, 1 жылда 365 адам баспаналы болады. Ешқандай талан-таражсыз, басқа бағытқа емес, тек "1 теңге= 1 үй" деп қор ашып, қолдап жіберер азаматтар болса, қазақтың баспана мәселесі өзінен өзі-ақ шешілер еді", - деп ұсыныс тастады ол.

Тағы оқыңыздар:

Депутаттар Шаханда зардап шеккендерге бір күндік табыстарын аударады

Сирия бойынша келіссөздер Астанада қашан өтетіні белгілі болды

"Манчестер Юнайтед" жанкүйері ойын кезінде қаза болды

2017 жылдың негізгі түсі анықталды (фото)

Жеңіл атлетикадан барлық әлем рекордтары жоққа шығарылуы мүмкін

Жұлдызды белгілер бір-бірімен қалай үйлесім табады?

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 150

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .