Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемнің ең сұлу теннисшілерінің бірі спорттағы мансабымен қош айтысты (фото)

Опубликовано:

Әлемнің ең сұлу теннисшілерінің бірі саналатын Ана Иванович спорттық мансабын аяқтады деп хабарлайды Массагет порталы.

Бұл туралы спортшының өзі «facebook» желісіндегі парақшасында жазды. 28 жастағы теннисші қыркүйек айында жарақатына байланысты маусымды ерте аяқтаған еді. Сондай-ақ аяғының саусақтарына ота жасатқан болатын.

"Мен кәсіби мансабымды аяқтау туралы шешім қабылдадым. Бұл - өте ауыр шешім болды. Дегенмен қуанатын, шаттыққа кенелетін шақтарымыз әлі алда деп білемін. Мен 5 жасымнан теннисші болуды армандадым. Сол арманыма жеттім де. Әлемнің бірінші ракеткасы атандым. «Роллан Гарросты» ұттым, «WTA» санатындағы 15 турнирде жеңімпаз тұғырынан көріндім. Талай тартысты ойындармен жанкүйерлер есінде қалдым. Сербиялық қыз үшін бұл нашар көрсеткіш емес", - деген спортшыны соңғы уақытта жарақатым көп мазалаған.

"Мен тек 100 % сауыққанда ғана кортқа шыққым келді. Өкінішке орай, мұны күтсем, уақыт өтіп барады. Сондықтан да осындай шешім қабылдауға тура келді. Алда спорт пен салауатты өмір салтын сақтау жолында еңбектенетін боламын. Бизнес, сұлулық пен сән саласында да бағымды сынап көрмекпін. Сондай-ақ «UNICEF»-тегі жұмысыма да көбірек уақыт табылатын болады", - деп жазды Ана Иванович.

Айта кетейік, сербиялық теннисші жазда белгілі неміс футболшысы Бастиан Швайнштайгерге тұрмысқа шыққан еді.

Тағы оқыңыздар:

33 жасында тұрмысқа шыққан Жұлдызай Дүйсенбиева жеке өмірінің құпиясын жайып салды

iPhone-ның кесірінен оңбай күйіп қалған ақтөбелік арудың оқиғасы Apple өкілдерін елең еткізген

Трамп өзге елдердің Израильге әдепсіз, дөрекі қарауына жол бермейтінін кесіп айтты

Алматыда 3 көше ұзартылып, тағы 3 жол айрығы салынбақшы

Денис Тен: Жаңа жыл мейрамын тойламаймын

Қазақстан тумасы Нью-Йоркте таңғажайып оқиғаны бастан кешірді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1362370-alemninh-enh-sulu-tennisshilerininh-biri/

pixel