Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда екі қабатты тұрғын үйдің төбесі опырылып, шаңырағы ортасына түсті

Опубликовано:

Атырауда 14 желтоқсан күні таң атысымен екі қабатты 16 пәтерлік үйдің төбесі опырылып, шаңырағы ортасына түсті деп хабарлайды 31 арна.

Қар аралас жауған жауынның салдарынан болған тосын жай тұрғындардың зәре-құтын қашырған. Абырой болғанда адамдары дін аман. Алайда, «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында тозығы жетіп, шатыры құлаған пәтерде қалдық» деген тұрғындар биліктен қайыр болмай отырғанын айтады.

"Дауыс естілді бізге. Қарасақ есік ашқызбайды бізге, шаң. Әрі-беріден соң шығып қарасақ, мынадай жағдай болып жатыр екен. Кетесіңдер деп бергеніне осындай болды. Биыл 9 жыл болды. Содан бері келе жатырмыз біз осылай. Үй жоқ, әлі. Айналамыздың бәрі кетті. Ортасында бір үй қалып отырмыз", - дейді қала тұрғыны Роза Тайлыбаева.

Тұрғындардың айтуынша, екі қабатты үй 1969 жылдары пайдалануға берілген. 46 жыл болған 16 пәтерлік үйді қазіргі таңда жүзден астам адам паналауда. Жылуы, көгілдір отыны мен ыстық суы жоқ баспананың бүгінгі сиқы адам шошырлық.

Себебі, «2007 жылдан бері апатты деп танылған баспанамыз ақыры құлап тынды. Бірақ биліктегілерді әлі де алаңдатар емес» деп ашынады тұрғындар. Ал ақжағалылар болса, 16 пәтерлік үйдің тұрғындарына «2011 жылдан бері басқа пәтерге көшулеріне жағдай жасалғандығын, алайда тұрғындар бірауыздан қала ортасынан ғана пәтер талап етіп, ұсынылған баспанадан бас тартқандарын айтады. Айтуларынша қазіргі таңда мемлекеттік тұрғын үй қорында бос тұрғын үй жоқ көрінеді.

"100 пайызы үй тұрғындарының келіспеуіне байланысты «Нұрсая» ықшамауданына көшіруге ол үй көшірілмей қалды. Себебі, «Нұрсая» мөлтекауданына көшпейміз, қаланың сыртында орналасқан, біздің үйіміз орталықта орналасқан деп, сол себептен олар көшпеді", - дейді Атырау қалалық ТҮКШ және АЖ бөлімі басшысының орынбасары Қайрат Кенжеәлиев.

Тағы оқыңыздар:

Ресейдің Түркиядағы елшісін белгісіз біреу атып өлтірді (фото)

Шымкенттік шенеунік жылына 5 миллионнан артық табыс табатынын жасырмай айтты

15 баланы дүниеге әкелген 86 жастағы кейуана әлі күнге дейін спортпен шұғылданады (фото)

ОҚО-да белгісіз біреулер 10 млн теңгенің жылқысын ұрлап кетті

Жақында медаль алған Ләйлә Сұлтанқызы көрермендерге билеп берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1352374-atyrauda-eki-qabatty-16-paterlik-uydinh-t/

pixel