1346112 Үкімет тұрғындарға банктен алынған несиенің 7 пайызын төлеп беруге дайын ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика және бизнес

Жұртқа жылдар бойы арман болған баспанаға қол жеткізуге енді үкімет көмектеспек

Елімізде ипотеканың пайызы әжептәуір арзандағалы жатыр. Енді жұртқа жылдар бойы арман болған баспанаға қол жеткізуге үкімет көмектеспек деп хабарлайды КТК арнасы.

Жұртқа жылдар бойы арман болған баспанаға қол жеткізуге енді үкімет көмектеспек

Баспана. Көрнекі фото: apart.by

Сөйтіп, коммерциялық тіпті мемлекеттік банктен алынған несиенің 7 пайызын төлеп беруге дайын. Ауқымды іс үшін бюджеттен субсидия ретінде 2 триллион теңге бөлінбекші. Бірақ миллиондаған шаршы метр пәтер салуды көздейтін мақтаулы бағдарлама үйсіздердің барлығын жарылқай алмайды.

Қазір елімізде көп банк оңайлықпен ипотека бере қоймайды. Беретіні - несиеге үсті-үстіне үстеме қосып, 20 пайыздан асырады. Қысқасы, халық есебінен қыруар пайдаға кенелуде. Енді кісі есігінде күнелтіп жүргендерді үкімет жарылқағалы жатыр. Үміт күтіп отырған «Нұрлы жер» бағдарламасы шын мәнінде іске асар болса, ипотека арзандамақ.

"Бағдарламаның бірнеше негізгі бағыттары бар. Ең әуелі ипотекалық несиенің пайызы төмендейді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары мен әкімдікте үй кезегінде тұрғандар үшін үй құрылысының көлемін арттырамыз", - дейді Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

Мақтауы асырылған іс ең әуелі жұртқа пайызы төмен арзан ипотека алуға мүмкіндік береді. Яғни, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 17 пайызға дейінгі ипотеканы енді 10 пайызбен алуға болады. Өйткені, қалған 7 пайызын мемлекет бюджеттен субсидия бөліп, банктерге өзі төлейді.

"Екінші деңгейлі банктер Астана мен Алматы тұрғындары үшін 20 миллион, ал басқа өңірлер үшін 15 миллион теңгеге дейін ипотека беретін болады. Несиені төлеу мерзімі 15 жылға дейін", - дейді Қуандық Бишімбаев.

Мемлекеттің субсидиясына кез-келген тұрғын өтініш берсе болады. Алайда, талап бойынша, алатын пәтердің алғашқы жарнасы міндетті түрде болуы тиіс.

Оның көлемін банктің өзі анықтайды. Бірақ, тұрғын үй нарығындағы алпауыт компаниялар жұрт жаппай арзан ипотека ала алмайды дейді. Өйткені, несиенің бір бөлігін төлеуге үкімет көмектескенімен, екінші деңгейлі банктер адамдарға қыруар ақшаны ұзақ жылға сеніп тапсырып, тәуекелге бармайды.

Десе де, бағдарламаны іске асыруды қолға алған Ұлттық экономика министрінің баяндамасы оптимизмге толы. Айтуынша, «Нұрлы жер» бойынша алдағы 15 жылда 250 мыңға жуық баспана салынбақшы. Ол үшін бюджеттен 2 триллион теңгеге жуық қыруар қаржы бөлінеді.

Баспана салуға бөлінетін қаржы артпаса кемімейді. Яғни, соңғы кездері қарқынды өсіп келе жатқан мұнай бағасы бюджетке түсімді арттырып отыр. Егер келер жылы да, қара алтын бағасы шарықтайтын болса, «Нұрлы жерге» бөлінетін ақша қайта қаралып, бағдарламаға өзгерістер енуі мүмкін.

Тағы оқыңыздар:

Еркін Ізбасардың анасы: Балам мұнайды түсінде де көрген жоқ

Шымкентте бір жарым айдан бері іздестіріліп жатқан жұмысшының денесі табылды

АҚШ-та жоғалған студенттің отбасы «Болашақ» басшыларын өтірік ақпар берді деп айыптады

Жемқорлық дауынан кейін «Бәйтерек Development-те» ауқымды тексеру басталды

Ақтөбедегі мұнай ұрлығын басқарған қылмыс әлемінің серкесі екі айға қамауға алынды

Нигерияда 7 және 8 жастағы екі қыз базардың қақ ортасында өздерін жарып жіберді

Источник: КТК арнасы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 19

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .