Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік келіншек күйеуін өлтірген дөкейдің ұлдары жазасыз қалғанына күйінді(фото)

Опубликовано:

Ақтөбеде 23 жасында жесір қалған келіншек жол апатына кінәлі дөкейлердің баласы жазадан оңай құтылып кеткенін айтады деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

«Мен 23 жасымда күйеуімнен айырылып, екі кішкентай баламен жесір қалдым. Бізге соттан екі айдың ішінде хабар болатынын айтты. Өзіміз қара жамылып отырғанда сотқа шағым жазатын да шамамыз болған жоқ. Істің жабылғанын, соттың болмайтынын қазір естіп отырмыз», - дейді Аңсаған Қуанышева.

Жол апаты тамыз айында «Ақтөбе-Қарабұтақ» бағытындағы тас жолда болған. Voikswagen-Passat көлігін айдаған 1987 жылғы Асыланбек Қуанышев алған ауыр жарақаты салдарынан оқиға орнында кайтыс болды.

«Сол жолда қатты жылдамдықпен жарысып келе жатқан екі машина менің жолдасыммен соқтығысып, жол апатын жасады. Ең бірінші жасалған сараптама кезінде жолдасымның жазықсыз екенін айтты. Біз істің неге қысқартылғанын түсінбей отырмыз. Жолдасым екінші баласын да көрген жоқ. Жол апатына түскен кезде аяғым ауыр болатын. Екінші балам әлі қырық күндігі болған жоқ. Қазадан кейін есімізді енді жинап жатырмыз. Екі балам жетім, мен жесір қалдым. Кінәлілер тайраңдап жүр. Бәрі істі өлген адамға жауып, нағыз кінәлі адамдар жазадан құтылып кетейін деп отыр», - дейді ол.

Жесір қалған келіншек тергеу жұмыстарында үлкен олқылықтардың болғанын жайып салды.

«Сараптау қортындысында 7,4 метрлік тежегіш жолын алып тастаған, соқтығыс сәті мен көліктің зақымдалуы туралы мәліметті де бұрмалаған. Оқиға болған уақытта жасалған жол-көлік сызбасы мен айғақ суреттер ол көрсеткен мәліметтермен сәйкеспейді. Оның жасаған анықтамасы, яғни қортындысы оқиға орнындағы сызбамен де, суреттермен де ешқандай қабыспайды. Қылмыстық істі талдау барысында оқиға куәгерлерінің жауап алуы кәсіби деңгейде емес, тек жүрдім-бардым, іске қажеттілік үшін жасала салғандай көрінеді. Сонымен қатар менің күйеуімнің соңғы сәтіне дейін Subaru-Outback автокөлігі жүргізушісінің өз жолында емес, қарама-қарсы бағытта жүргенін растайтын куәгерлер де бар», - дейді келіншек.

Ол марқұм болған күйеуінің жазықсыз екенін дәлелдеу үшін бір емес екі қорғаушы жалдауға мәжбүр болған.

«Егер жол-көлік оқиғасына кінәлілер туысқандары өз тамыр-таныстарын пайдаланып, байлығына сеніп, қылмыстық істі тергеген қажетті адамдарды сатып алып, менің марқұм болған күйеуімді жазықты етіп көрсетуге ұмтылмаса мен бұлай арызданбас едім», - дейді келіншек.

Тағы оқыңыздар:

Танымал журналист арсыздықты насихаттайтын "Қазақстан аруы" байқауына қарсы шықты

Артық салмақтан арылғысы келген шетелдіктер шымкенттік орталыққа ағылуда (фото)

Назарбаев: Біз Отанымызды сатып жатырмыз дегенді талай естігенмін

Ділназ Ахмадиева күйеуінің қалай сатқындық жасап, көзіне шөп салғанын жайып салды

Ақтауда бір топ жігіт көше ортасында төбелесіп қалды

Жерленгеніне бес апта өткен бойжеткен аяқ асты "тіріліп кетті"

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1345200-aqtobede-zhesir-kelinshek-kuyeuin-olti/

pixel