Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ағайынды төртеу" қылмыстық тобы елімізде асқан қатыгездігімен танылған

Опубликовано:

Ақтөбедегі мұнай ұрлығын басқарған Еркін Ізбасар арнайы рейспен еліміздің батысына жеткізілді. Бүгінде қылмыс әлемінің серкесі басқаратын ұйым туралы мәліметтер тарауда.

Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

"Ағайынды төртеу" деп аталатын қылмыстық топ еліміздегі мұнай және есірткі тасымалын бақылаған. Бір кездері бұл ұйымға мүше адамдардың саны 300-ге дейін жеткен. Ал Еркін Ізбасар бұл қылмыстық топты бірнеше жылдан бері басқарып келеді.

Сонымен қатар, қылмыстық топ базарлар мен автотұрақтарды, Қазақстан мен Қытай шекарасынан өтетін заңсыз тауарларды тікелей бақылады.

Тіпті, отандық шоу-бизнес жұлдыздарын да назарсыз қалдырмаған. 

"Ағайынды төртеу" деп аталғанымен, бұл топ мүшелерінің бір-біріне туыстық қатынастары жоқ. Олардың есімдері - Құрман, Қайрат, Серік және Еркін. Бұл қылмыстық топ елімізде асқан қатыгездігімен танылған.

Тағы да оқыңыздар:

Қыдырәлі Болманов тоқал алу туралы әңгімені не үшін қозғағанын айтты

Астанада көпбалалы отбасыға Назарбаевтың атынан адам ұяларлық сыйлық табыстаған (фото)

Ақтөбе тұрғыны Путинді фашист деп атағаны үшін сотталып жатыр

Еуроодақ Қазақстанның барлық әуекомпаниясын "қара тізімнен" алып тастады

"ЭКСПО"-ны салу барысында қанша адамның қайтыс болғаны анықталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1342777-aghayyndy-torteu-qylmystyq-toby-elimi/

pixel