Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жалғызбасты ана 4 баласымен өлместің күнін кешуде (фото)

Опубликовано:

Алматы облысында жалғызбасты ана 4 баласымен өлместің күнін кешіп жүр деп хабарлайды КТК арнасы.

Әбден тарыққан отбасы қазір тамақ та, киім де талғамайды. Бұйырғанын жеп, жұрттан қалғанды киіп үйренген. 2 жарым жыл бұрын күйеуі аяқасты қайтыс болып, жесір қалғаннан бастап Гүлжәмиланың 2 және 13 жас аралығындағы 4 баласымен бірге көрмегені жоқ. Қазір аядай бөлмеде отыр. Алатын жәрдемақысы тек үйге төлеуге жетеді.

"Балалар сабақтан келгеннен кейін, кафе-барларға еден жууға барамын. Ыдыс-табақ жуамын. Сол жақтан кішкене нан береді. Тамақтарынан салып береді. Тапқан тиыныма көмір аламын. Мың теңгесіне", - дейді көпбалалы ана Гүлжәмила Ботабаева.

Ал қазір сол отынның да жоқтығынан балалар әбден суықтап қалған. Ең кішкентайы тіпті бас көтере алмай жатыр. Бала-шағаның жылы киімі де жоқ. Мәселен, тетелес Жұлдыз бен Еңлік бір етікті алма-кезек киеді. Десе де, олардың армандары таудай.

"Сабағымды жақсы оқып, қызыл дипломмен бітіремін. Анама көмектесіп, үлкен үйін алып беремін. Орындаймын осының бәрін", - дейді Арсен Өмірбаев.

Әрең күнелтіп жүрген отбасыға жергілікті әкімдік те көмек бермепті. Керісінше, атқамінерлердің зияны тиген көрінеді. Ондағылар көпбалалы ананы баспана кезегінен еш себепсіз шығарып жіберген.

«Жер жоқ дедік» қой деп зіркілдеді. «Сен жалғыз емессің, сенен жағдайды нашар кісілер бар» деп шығарып салады. Осыдан кейін баруға дәтім жоқ", - дейді көпбалалы ана.

Кейін кезекке қайта тұрғанымен, үйдің жақын арада берілетін түрі жоқ. Әкімдіктегілер де бұл биылдың шаруасы емес деп ашық айтып отыр.

"Пәтер санының аздығына байланысты, ол кісі биыл ала алмайды. Енді кезек бойынша, заң бойынша алады. Ол кісіге жеңілдік қарастырылмаған", - дейді Талғар ауданы ЖКХ бөлімінің басшысы Салауат Қазиев.

Баспананың келер жылы берілу-берілмеуі де сол күйі сұрақ болып қалды. Сондықтан, жоқшылық зардабын тартқан отбасы қайырымды жандардан көмек сұрауға мәжбүр. Тіпті, бір үзім нанның өзі олар үшін аса қымбат болып отыр.

Тағы оқыңыздар:

Васька есімді мысықты ұрлаған павлодарлықтың басы бәлеге қалды

Ақмола облысында ақыл-есінде ауытқушылығы бар әйел жоғалып кетті

Сауд Арабиясы "тыңшылық жасаған" 15 адамды өлім жазасына кесті

Иесінің айтқанын екі етпей орындайтын ит желіде жұлдыз болды (видео)

Тапқыр жігіт ғашығына "ешбір бойжеткен бас тарта алмайтын" ерекше ұсыныс жасады (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1340997-almaty-oblysynda-zhalghyzbasty-ana-4-bal/

pixel