Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да белгілі уағызшы өмірден өтіп, жаназасына он мыңға жуық адам жиналды

Опубликовано:

ОҚО-да белгілі діндар азамат, уағызшы Әбдісаттар Сманов көз жұмды. Оның жаназасына он мыңдай адам жиналған деп жазады Замана басылымы.

Әбдісаттар Смановтың жұмадағы уағызына жұрт көп жиналатын еді. Оның салиқалы әңгімелерін, әсіресе перзенттің ата-ана алдындағы борышы, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы, Отан алдындағы парыз төңірегінде айтқан уағыздарын жұрт ұйып тыңдайтын. Иә, енді ол кісі туралы тек өткен шақпен сөйлеуге тура келеді. Себебі Әбдісаттар қажы кешегі аптада өмірден өтті.

Әбдісаттар Сманов 1966-жылы Сарыағаш ауданына қарасты Ынтымақ елді мекенінде дүниеге келген. Әбдісаттар Смановтың өзі біраз жыл спорт саласында еңбек еткен, еркін күрестен спорт шебері деген атағы болған. Бірақ кейін дін саласына бет бұрып, Өзбекстандағы Имам әл-Бұхари атындағы Жоғары Ислам институтында білім алған. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасындағы ғұламалар кеңесінің мүшесі болған.

Әбдісаттар Сманов 2008 – 2010-жылдары Құран-Кәрімнің қазақ тіліндегі аудармасын жазып шыққан адам ретінде ел есінде қалды. Ол 2010-жылдан бері «Сарыағаш медресе-колледжінің» директоры болып еңбек ететін.

«Көптен бері ұстазым науқастанып, мазасызданып жүрген болатын. Емделіп, жақсы болып қалатын. Соңғы 5-6 айдың жүзі болып қалды, ұстазымның науқасы үдей түсті. Сол ауру ақыры алып кетті, өкінішке қарай. Ұстазым артынан мыңдаған шәкірттер қалдырды. Бес ұл, бір қыз өсіріп, оларды да діни біліммен сусындатты. Алланың алдында бәріміз дәрменсізбіз. Жаратқан Ием жәннаттағы дәрежеңізді биіктетсін, Пайғамбарымыздың (с.а.у) қатарында бас көтеруіңізді Алла нәсіп етсін деп дұға еткеннен басқа амалымыз жоқ», – дейді ол кісінің шәкірті Ербол Исламбек.

Дін саласында үлкен абыройға ие Әбдісаттар Смановты ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне 10 мыңнан астам адам жиналған көрінеді. Тіпті біреулер жаназаға 20 мыңдай адам жиналды деп жүр.

Олардың арасында Бас муфтидің орынбасары Серік Ораз, теолог Ерсін Әміре, ОҚО өкіл-имамы Ахметжан Керімбек және басқа да облыстардың өкіл-имамдары болды. Олардың әрқайсысы Әбдісаттар Смановтың бұл дүниеде жақсы адам болғанын, дін саласына адал қызмет еткенін тілге тиек етті.

Тағы оқыңыздар:

Алматы облысында жас жігіт үш адамды бірдей мүгедек атандырған

Екі сөздің басын біріктіре алмаған шымкенттік шенеунік ұятқа қалды (видео)

КСРО құжатымен жүрген ақтөбелік ерлі-зайыптылар Қазақстан азаматы болуды армандайды

Ақмола облысындағы жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза болды

Қадыров қаза болған мас жүргізушілерді діни рәсіммен жерлеуге тыйым салды

85 жастағы кейуана мешіт салдыру үшін зейнетақысын тиындап жинаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1337293-oqo-da-belgili-uaghyzshy-omirden-otip-zha/

pixel