1329057 Автобус жолда бұзылып, жолаушылары ен далада қалып қойған ➨ Читайте больше на NUR.KZ Общество

Ақмолада жарысқа аттанған кішкентай хоккейшілер үсіп қала жаздады

Ақмола облысында кішкентай хоккейшілерді жарысқа апармақ болған автобус жолда бұзылып, жолаушылары үсіп қала жаздады. Абырой болғанда, құтқарушылар дер кезінде жетіп, "Торпедо" хоккей клубының ойыншыларын қауіпсіз жерге жеткізді деп хабарлайды sn.kz.

Ақмолада жарысқа аттанған кішкентай хоккейшілер үсіп қала жаздады

Жолаушыларға көмек көрсетілді. Фото: sn.kz

Жас спортшылар Өскеменнен Рудный қаласына қарай бет алған екен. Жолда автобустың дөңгелегі істен шыққан. Оқиға Алматы-Екатеринбург тас жолының 939-шы шақырымында орын алды деп хабарлады Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Автобуста барлығы 21 адам болған. Олардың 17-сі жасы 12-13 аралығындағы балалар.

"Құтқарушылар автобусты жөндеуге көмектесті. Әкімшілікпен бірлесе жолаушыларға ыстық тамақ ұйымдастырылды", - дейді ТЖД мамандары.

Автобус жөнделгеннен кейін хоккейшілер жарысқа аттанып кетті. Олар жасөспірімдер арасында өтетін Қазақстан біріншілігіне қатысатын болады.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев 2020-шы жылдан кейін билікте қала ма? (видео)

Амангелді Айталы: Қуаныш Сұлтановты сыйлаймын да, аяймын да

Ұлыбританияда миллионерлер саны күрт азайып кеткен

Астаналық азамат "президенттің құрметіне" дүкендерде жеңілдіктер ұйымдастыруды ұсынды

"Астана" клубы биылғы маусымда 4 млн еуродан көп табыс тапқан

Британдық боксшы алғашқы жекпе-жегінде ауыр соққыны көтере алмай көз жұмды

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 3

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .