Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұxамедиұлы медалін қайтырғысы келмей жатқан зілтеміршілерге қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

ХОК Лондон және Бейжің Олимпиадасының жүлдегерлері Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Таймураз Тигиевтің жүлделерін қайтарып алу туралы ресми түрде шешім шығарды. Осыған орай Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлының пікірін білген едік деп хабарлайды BNews.kz.

«Бұл құқықтық сұрақ. Қазір xалықаралық құқық бойынша білімімізді жетілдіріп жатырмыз. Өйткені мұндай жағдай Қазақстанда бірінші рет болып жатыр. Бұл өте күрделі мәселе. Жақын арада xалықаралық тәжірибені ескере отырып, бұл мәселені шешеміз деген ойдамыз», - деді Арыстанбек Мұxамедиұлы.

«Біз xалықаралық тәжірибені зерттеп жатырмыз. Бүгін Подобедова, Чиншанло, Манеза, Ильинмен кездесеміз. Спортшыларды далада қалдырмайтынымыз анық», - дейді ол.

Кеше Светлана Подобедова алтын медалін қайтармайтынын айтқан еді. Осыған қатысты министрге сауал қойдық. Алайда, Мұхамедиұлы бұл сұраққа тұщымды жауап бере алмады.

«Халықаралық тәжірибені оқуға уақыт беріңіздерші. Субьективті түрде сырттарынан пікір айта алмаймыз. Егер xалықаралық тәжірибеде спортшылардың медалін қайтармайтын бап болса, онда көмектесуге дайынбыз. Түсінесіздер ме? Мұндай жағдай Қазақстанда алғаш рет орын алып отыр. Өзіміз де абдырап қалдық», - дейді Мәдениет және спорт министрі.

Тағы да оқыңыздар:

Көңілдестің жан сыры: Тату-тәтті отбасыны бұзып, бақытымды тапқан жоқпын

Шымкентте өзгені құтқарамын деп ажал құшқан қызметкердің отбасы баспаналы болды (фото)

Қорада тұратын ақтөбелік келіншектің жантүршігерлік жағдайы (фото)

Құлақ тесу дәстүрін дүркіретіп өткізген қазақтар әлем назарына ілікті (фото)

Ұзынағаштың 30 жастағы тұрғыны 15 жасар қырғыз қызын күштеп ұстап отырған

Бозымбаев АИ-92 бензинінің бағасы неге көтерілгенін түсіндірді

Жамбыл облысында биіктен құлап мүгедек болып қалған азамат көмекке мұқтаж

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1302760-muxamediuly-sportshylardynh-medaldy-q/

pixel