Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құлақ тесу дәстүрін дүркіретіп өткізген қазақтар әлем назарына ілікті (фото)

Опубликовано:

Қытайдың солтүстік-батысында тұратын қазақтар жеткіншектердің құлағын тесу дәстүрін ерекше тойға ұластырып, әлем назарына ілікті деп хабарлайды NUR.KZ порталы womenofchina.cn сайтына сілтеме жасап.

11 және 7 жастағы екі қазақ қызы 29 қазан күні ата-анасынан сыйға сырға алып, құлақ тесу рәсімінен өтті.

Келген қонақтың бәріне тәттілер таратылып, той-думан басталды. Қонақтар жеткіншек қыздарға сырғадан бастап түрлі сыйлықтар ала келді. Ал қыздардың ата-анасы өз кезегінде жасы үлкен сыйлы туысқандарына сыйға орамал әзірлеп қойған.

Айта кетерлігі, қазақта қыз баланың өміріндегі айтулы күн - құлағын тесу деп жазады bilimkozy.idhost.kz сайты. Тоғыз жасты балиғатқа толған кез деп айтады екен, ал жеті - қазақ үшін қасиетті санның бірі. Қыздың құлағын көп жағдайда тек жеті жасынан бастап тескен.

Тұлымшағы желбіреген кішкентай қыз жеті жасқа дейін қуыршақ ойнаған болса, құлағы тесілгеннен кейін оның мінез-құлқы бірден өзгереді. Осыдан бастап «сен енді сырғалы қыз болдың», «сырға таққан соң қыз санатына қосылдың, енді саған қуыршақ ойнау жараспайды» деп оның құлағына жайлап сіңіре береді.

Бұдан былай ол қуыршақтың орнынан қолына кесте алады. Ою оюды үйренеді. Ол ендігі жерде жеңгелерінің қазан-ошақ жақтағы істерін көретін болады. Құрт қайнатып, ірімшік жасап жатқан апаларына көмектесіп, мән-жайын білмекке ұмтылады. Қыз баланың құлағын тек сәндік үшін, әдемілікке бола теспейді.

Бұл да - тәрбиенің бір түрі. Мұны қыз баланы ертеңгі күні келін болуға дайындаудың алғашқы баспалдағы деп айтуға болады. Бұл - қыз баланы ісмерлікке, шеберлікке үйретудің басы. Ол біртіндеп үйдің шаруасына араласа бастайды. Ұл баланы сүндетке отырғызған сияқты, қыздың құлағын тесу де - бірдей, ата-анаға парыз болып саналады.

Тағы да оқыңыздар:

Көңілдестің жан сыры: Тату-тәтті отбасыны бұзып, бақытымды тапқан жоқпын

Қостанайда 56 жастағы әйел 4-ші қабаттан секіріп мерт болды

Бауырлардың бір-біріне деген махаббатын көріп, желі қолданушылары жылап қалды

Путин қол астындағыларға "ресейлік ұлт туралы заң" дайындауды бұйырды

Жылқының қабырғаларын пышақсыз сыпырып алған ер адам таң қалдырды

25 жыл бойы екі қолсыз өмір сүрген жігіттің қуанышы (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1302327-qulaq-tesu-dasturin-durkiretip-otkiz/

pixel