Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдызнамаға сай сіз қандай адамсыз?

Опубликовано:

Хоббидің де жұлдызнамаға тәуелді екенін білесіз бе? Өзіңіздің неге қабілетті екеніңізді байқап көруді ұсынамыз деп жазады ikerim.kz.

Тоқтылардың қызығушылықтары өте көп. Бірақ оның бәрі уақытқа келіп тіреледі. Олар көбінде ерекше демалыстарды, саяхаттарды ұнатады. Бұл белгідегілер физикалық жұмыстардан рахат алады.

Сонымен бірге үстел үстінде ойнайтын, өзінің ақылдылығын білдіретін ойындарға құмар. Әрі көлік тізгіндегенді, әсіресе жылдамдықты арттырғанды жақсы көреді. Бос уақыты мүлде аз болғанын қалайды, олар үшін жақсы жұмыстың өзі демалыс.

Торпақтар музыка тыңдағанды, сурет салғанды, коллекция жинағанды ұнатады. Сондай-ақ ұйықтағанды, теледидар қарағанды жақсы көреді.

Бұл белгідегі әйелдер тамақ дайындағанды, қонақ шақырғанды жақсы көреді. Қолөнер жасауда олар үшін қиын емес. Торпақтар табиғатта демалғанды, балық аулағанды және танымал адамдардың өмірі туралы кітаптарды оқығанды ұнатады.

Егіздер көп демалғанды ұнатпайды. Олардың ойында үнемі жаңа идеялар, түрлі мәселелер жүреді. Теннис, бильярд, жүзу сияқты жеңіл спорт түрлерімен айналысады. Сөзжұмбақ шешіп, газет-журнал оқығанды қалайды.

Шет тілін үйрену, өзге әлеммен танысу, көпшіліктің алдында сөйлеу олар үшін қиын емес. Үнемі шағым айтатындарды жек көреді, болмайтын іске көп уақыт жұмсағанды ұнатпайды.

Шаян белгісіндегілер ауыр жұмыстардан қашады. Гуманитарлық ғылымға жақын, эстрадалық ән тыңдап, кино көргенді қалайды.

Шығармашылық жұмыс та қолдарынан келеді. Олардың есте сақтау қабілеттері өте жақсы болғандықтан, ұмытшақ адамдарға жандары қас. Қайықпен серуендегенді, суда жүзгенді қызық санайды.

Арыстандар көп шаршағанымен оны қалыпқа келтіріп алуына көп уақыт жұмсамайды. Аз үзілістен кейін бірден белсенді жұмыс істеуге дайын.

Театрға барған, сүйіктісімен серуендеген, топтық ойындарды ойнаған ұнайды. Үнемі ортада көшбасшы болуға тырысып, бар мүмкіндігін көрсетуге тырысады. Өз қолымен түрлі сыйлықтар сыйлағанды жақсы көреді.

Бикештер ақылға салып, тәжірибеге сүйенетін жұмыстарға жақын. Дегенмен спорт ол үшін қызық емес. Олар мақсат қоя білетін адамдар.

Мысалы демалуға барса ең жақсы жерді, қымбат қонақ үйді таңдауы мүмкін. Және тыныш, әсем орындарға барғысы келеді. Шығармашылықта жодары болады.

Таразылар артық жүк көтеруден қашады. Көбінде болашақ туралы ойларымен өмір сүреді. Дегенмен олармен көңілді кешке барған қызықты болады. Кез-келген жанрдағы әуендерді тыңдап, өлең оқығанды ұнатады. Және артынан біреудің жүгіріп жүргендерін ұнатады.

Сарышаян болып туғандар - құпия жандар. Олардың ойындағыны, нені ұнататынын көп адамдар түсіне бермейді. Олар астрономияға, психологияға, детективке қызығады, ақыл ойдың тактикасына сүйенгенді қалайды. Футбол, хоккей, бейсбол сынды спорт түрлеріне жақын.

Мергендер кез-келген өнерге талантты, әрі соны жетілдіріп отырғанды қалайды. Мәселе шешкенді ұнатады, араздасқан адамдарды татуластырып жүреді. Үй жануарларын жақсы көреді. Негізі бұл белгіден философтар шығуы мүмкін.

Тауешкілер негізінен топтасып ойнайтын спорт түрлеріне қызығады. Өздерінің хоббиіне ынтамен кірісетіндіктен, көбінде оны дамытып отырады. Спорттың шахмат, гольф, тактикалық сиятқы түрлеріне қызығады.

Олар демалып отырғанда да бір іспен айналысып отыруды дұрыс деп санайды. Тарихи шығармаларды ерекше ықыласпен оқиды.

Суқұйғыш белгісіндегілер биді, театрды, комедияны, әуеде ұшқанды ұнатады. Көбі күнделік жазады. Олардың хоббилері де пайдалы іс болады. Білімге аса құлықты емес. Тыныштықта демалғанды жөн санайды.

Балықтар үнемі өсу үстінде. Шығармашылықпен қатар басқа іспен де бір уақытта айналыса береді. Қауіпті спорт түрлерін ұнатады. Хоббиларын кәсібіне айналдырып алған «балықтар» жетерлік.

Тағы да оқыңыздар: 

Қазақ боксшылары қарсыластарымен жекпе-жек басталмай тұрып төбелесіп қалды (фото)

Маңғыстаулық имам 91 тобының жігіттерін еркек деп есептемейтінін айтты

Көліктің үстіне шығып би билеген қазақ қызының іш киімі көрініп қалды

Қазақстан Футбол федерациясының президенті отставкаға кетіп тынды

Қытайлық қазақ 400 мың теңгеге жуық зейнетақы алатынын айтып мақтанды

Хоккейші матч кезінде түсіп қалған тістерін бас киімінен тапты(видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1299198-zhuldyznamagha-say-siz-qanday-adamsyz/

pixel