Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түрмеден жазасын өтеп шыққандар мен қауіпті қылмыскерлер Астанаға аяқ баса алмай қалуы мүмкін

Опубликовано:

Бас прокурор, Ішкі істер министрі мен Елорда әкімі жиналып, ЭКСПО кезінде Астанаға кімнің жүріп-тұруына рұқсат беретіндерін талқылады деп хабарлайды КТК арнасы.

Сонымен, келесі жылы түрмеде жазасын өтеп шыққан содыр немесе өзге де ауыр қылмыс жасағандар елордаға кіре алмай қалуы мүмкін. Әкімдіктегілердің айтуынша, олар бостандыққа шыққан соң міндетті түрде қайта қылмыс жасайды. Әсіресе Астанаға қонақтар келіп жатқанда аса қауіпті екен.

"Экспо-ға дейін Астана қаласына 2 жарым мың бейнекамера орналастыру қарастырылуда. Бірінші кезекте қылмыс көп жасалатын аудандарға қойылады", - дейді Астана қаласы прокурорының көмекшісі Руслан Айтымов.

Шенеуніктер Астанада жүрген шетелдік жұмысшылардан да сескеніп отыр. Қазір «ЭКСПО», Абу-Даби-Плазанының құрылысын Пәкістан, Сирия, Ирактан келген азаматтар салуда. Екі күннің бірінде теракт болып жатқан бұл елдердің тұрғындары отандастарымызды жат ағымға жетелеп, лаңкестік әрекетке итермелеуі мүмкін. Сондықтан, құрылыс алаңдарында да жаппай тексеріс басталмақ. Тіпті Біріккен ұлттар ұйымынан арнайы сарапшылар келіп, Астанадағы қауіпсіздікті зерттеп, бағалайды екен.

"БҰҰ Астанаға үш сарапшыны жібермек. Олар келіп, жағдайды зерттейді және алғашқы сараптамадан кейін, екі аптадан соң тағы алты маман жібеді. Олар тоқтайтын қонақ үйге, жолына 11 миллион теңге керек. Бюджеттен ақша сұрап, Қаржы министріне хат жаздық", - дейді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Талғат Мусақанов.

Тағы да оқыңыздар:

Кішкентай қызын аяусыз ұрған павлодарлық әйел халықтан кешірім сұрады

Министрдің көз жасы: Тамара Дүйсенова неге жылады? (фото)

Түркістан әкімі өзі сияқты болсын деп кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кесті (фото)

Қазақстаннан қыруар пайда тауып отырған әлемдік интернет-дүкендерге салық салынбақ

Жартылай жалаңаш денелерін көрсетуден еш қымсынбайтын танымал қазақ қыздары

Қайрат Нұртас қорқынышты трейлер түсіріп, тыңдармандарын қорқытып тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1298209-turmeden-zhazasyn-otep-shyqqandar-men/

pixel