Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

18 жастағы бойжеткен «Астана Аруы-2016» атанды (фото, видео)

Опубликовано:

«Астана Аруы-2016» байқауының жеңімпазы анықталды. Елорданың ең сұлу аруы атағын 18 жастағы Елназ Нұрсейітова жеңіп алды деп xабарлайды NUR.KZ.

Байқауға 17 мен 23 жас аралығындағы 20 бойжеткен қатысты. Бірінші кезеңде арулар өздерін таныстырса, екінші кезеңде қазақтың ұлттық киімімен жүріп өтті. Келесі кезеңде нәзік жандылардың әртістік өнері бағаланды.

Соңында арулар сахнаға кешкі көйлекпен шығып, залда отырған көрермендерді тамсандырды.

Сонымен байқау қорытындысы бойынша, 18 жастағы Елназ Нұрсейітоваға елорданың ең сұлу қызы деген атаққа лайық деп танылып, бас жүлдені жеңіп алды.

Ал бірінші вице-мисс атағы Бегайым Жорабекова бұйырса, екінші вице-мисс атағын Екатерина Подгородецкая жеңіп алды.

Ал Бибінұр Есімова үшінші вице-мисс деген атаққа ие болды.

Айта кетейік, әділқазылар алқасының құрамында олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, әнші Әли Оқапов, мәжіліс депутаты Зағипа Балиева, «Астана Аруы» байқауының директоры Ольга Радеш, «Қазақстан Аруы» байқауының президенті Алена Ривлина-Кырбасова болды.

Енді Елназ Нұрсейтова «Қазақстан Аруы» байқауында Астананың намысын қорғайтын болады.

Тағы оқыңыздар:

Зауытбек Тұрысбеков журналистерге өзінің кім екенін айтып мақтанды

Бергей Рысқалиевтың кассирі жарты миллиард долларды жымқырып, шетелде шалқып жүр

Оралда Мүсілім Оңдағановтың зәулім сарайын мемлекет тартып алды

Дархан Кәлетаев парламент сенатының депутаты болып тағайындалды

Қазақстаннан қыруар пайда тауып отырған әлемдік интернет-дүкендерге салық салынбақ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1298056-18-zhastaghy-boyzhetken-astana-aruy-2016-ata/

pixel