Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құнанбай" фильмі - мәдениет саласындағы тосын дүние, жаңа леп

Опубликовано:

Желіде жамандықты желбірете бермей, жақсылықты да айтайық! Біздің желі аяққы кездері тек жаман нәрсе мен құбылыстарды тәптіштеп жазып, әлеуметтік құбылыстардың ең «тырнақ астында» кірін тауып алатын болды.

Менің ойымша бұл біздің өзімізді әлеуметтік аутсайдер дәрежесіне төмендететін бағыт. Әрине елімізде, қоғамда күрделі құбылыстар жүріп жатыр: экономика дамуын тоқтатты, ауылдарда жұмыссыздық артып барады... Жаза берсең көп. Бірақ, бізде жақсылық та баршылық, ол туралы да жазып, сараптап отыру қажет.

Мен осы тұрғыда, биылғы еліміздегі мәдени жетістіктер жөнінде қысқаша эссе жазуды ойлап отырмын. Солардың бірі, «Құнанбай» фильмі. М. Әуезовтың Абай жөнінде жаған  туындыларын сараптап отырсаң, 20-жылдары Мұқаң Құнанбайды «жаман» жағынан суреттемейді. Оның Абайды Құнанбайға қарсы қоятын кезі, 40-жылдар. Мәжбүрлілік болды. Кеңес заманының цензурасы әсер етті. Ең  маңыздысы, солай істемесе қазақты дүниежүзіне танытқан «Абай жолы» шықпай қалатын еді...

Мұқаңның тырнақша ішіндегі достары, құлақтары сақ, көздері қырағы, айтқан сөздері өтімді болып тұрған кезі. Бұл кісілер өзіміздің әдебиеттегі танымал классик деп жүрген ағаларымыз... Әуезовты түрмеге тығудың алдыңғы қатарында жүрген осылар. Атын атап қайтеміз, бәріміз білеміз. Диалектика деген сол, Абай Мұхтарды сақтап қалды, Мұхтар қазаққа, дүниеге Абайды танытты... Бұл шындық!

Енді фильмге келейік. Көркем фильм хәкім Абайдың әкесі, кемеңгер Құнанбай Өскенбайұлының өнегелі өмірінің бір кезеңін қамтиды. Ел билеу ісі мен ағайын арасын жарастыру, руаларық татулықты сақтап тұру секілді қиын да жауапты қызметте Құнанбай қажы қашан да әділдікке жүгініп отырған. Елінің жанашыр перзенті болып жаратылған ол бұқараның алдындағы парызы мен қарызын терең ұғына білген жан. Фильмде Құнанбайдың көрегендігі, данышпандығы, әділдігі, дәстүрді құрметтейтіндігі анық көрсетіледі.

Режиссер кинокартинада Құнанбайдың тек жеке басы ғана емес, сонымен қатар, XIX ғасырдағы қазақ қоғамының шынайы келбетін көрсетуге тырысыпты. Көркем фильмнің сценариін Досхан Жолжақсыновпен бірге кеше ғана дүниеден өткен алаш ардақтысы, жазушы Таласбек Әсемқұлов жазды. Ал, музыка авторы – белгілі композитор Төлеген Мұхамеджанов.  Менің ойымша бұл фильм осы жылғы мәдениет саласындағы бір тосын дүние, жаңа леп, құбылыс тәрізді. Айта кететін мәселе, фильмді шығаруға барлығымыз бүгінде «төпеп» «сабап» жатқан мәдениет министрлігі қолқабыс жасаған.

Ерлан Саиров

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1297459-qunanbay-filmi-madeniet-salasyndagh/

pixel