1286209 Боксшы исламға қарсы емес дәстүрлерді ғана ұстанады ➨ Читайте больше на NUR.KZ Спорт

Данияр Елеусінов: Ата-бабаның аруағы деп Аллаға серік қосатындарды ұнатпаймын

Рио Олимпиадасының чемпионы, танымал боксшы Данияр Елеусінов Қамшы порталына берген сұхбатында «Ата-бабаларыңның аруақтары үшін» деп Аллаға серік қосатын жандарды ұнатпайтынын айтты.

Данияр Елеусінов: Ата-бабаның аруағы деп Аллаға серік қосатындарды ұнатпаймын

Данияр Елеусінов. Фото: inform.kz

Боксшы сұхбат барысында қазіргі дәрежесіне қалай жеткенін баяндай келе, ислам діні туралы да ойын айтып қалды.

"Мен бокспен осында айналыстым. Тоғыз жасымнан рингте жүрмін, одан бері 16 жыл өтті. Әрдайым спортқа жақын жүрдім, мектептегі спортты эстафеталар мен марафондарға қатысып, баскетбол, футбол ойнадым. Қазақ-орыс әдебиетін жақсы көрдім. Мәнерлеп оқудан орыс және қазақ тілдерінен конкурстарға қатысып, әрдайым бірінші орындарды иеленетінмін. Бірақ, соңғы қатысқан кезімде осыған дейін талай орын алғансың деп, бірінші орынды бермеді. Мұндай әрекет шынын айтсам маған аса ұнамады. Себебі мен өзім лайықты болып тұрған орнымды иелене алмадым. Онда да саясаттың қатысы болды. «Сен талай мәрте орын алғансың, енді басқа адам алуы керек» деген соң, мен спорт саласын таңдап кеттім. Мектепте өте белсенді болдым. Барлық қоғамдық іс-шараларға қатыстатынмын. Қазақ Агро Техникалық Университетінде оқуымды аяқтадым, әскерде болдым. Қазір отбасылы адаммын, өзімнің сүйікті ісім бокспен айналысамын. Мен үшін бірінші кезекте отбасым. Алдымен бір жаратушыға, сосын барып өзімен сенемін! «Ата-бабаларыңның аруақтары үшін» деп Аллаға серік қосатындарды ұнатпаймын. Өзіміздің дұрыс ислам дінін қолдаймын. Қазақ дәстүрлерінің барлығын білмесем де, исламға қарсы келмейтіндерін ұстануға тырысамын. Адам үшін отбасынан артық ештеңе жоқ деп білемін. Спорт саласында осы жеткен жетістігіммен тоқтап қалғым келмейді. Потенциалым жеткілікті, бойымдағы бар күш-қуатымды сарқып, еңбек етуді жалғастырамын", - деген боксшы қыруар қаржы ұсынса да өзге елдің намысын еш уақытта қорғамайтынын кесіп айтты.

"Ешқашан да келісімімді бермеймін. Қанша ақша берсе де, отанымды сату менің тарапымнан опасыздық болар еді. Менің қаным қазақ, осы топырақта өстім. Кәсіби боксқа өткен күнде де Қанат Ислам мен Гена сияқты өз байрағымды алып, рингке қазақтың шапанымен  шығар едім", - дейді Данияр.

Тағы оқыңыздар:

Қытайдың 51 кәсіпорынды Қазақстанға көшіруінің астарында не жатыр?

Күлекбаевтың қолынан қаза тапқан полицейдің ата-анасы өлім жазасын талап етті (видео)

Италияда тәулік бойы тегін берілетін шарап тұрғындарды қуантып тастады

АҚШ елшілігі америкалықтарға ет асуды үйретіп жатыр (фото)

Сырқатынан жазылған Назарбаев ресми сапармен Қырғызстанға бармақ

Өзбек азаматы Атырауда 10 жыл бұрын жоғалып кеткен інісін іздеп шарқ ұруда (фото)

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 141

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .