Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сырқат бүлдіршінге ақша аударған жанның әрекеті көпшілікті елжіретті (фото)

Опубликовано:

Желіде екі екі бүйрегі істемей қалған жасөспірімнің еміне қаражат аударған белгісіз қайырымды жанның әрекеті көпшілікті елжіретіп жіберді, деп хабарлайды NUR.KZ.

Өмірдің тауқыметін тартқан жасөспірімнің жағдайынан хабардар болған қайырымды жан КИВИ әмиян арқылы бір мезетте 30 мың теңге аударып, «Темекіге кеткенше, саған жетсін, Жанель балапан! Екеуміздің денсаулығымыз үшін» деп пікір қалдырған.

Осыдан біраз уақыт бұрын әлеуметтік желіде Айдын Тоқсанбаева есімді желі қолданушы (лақап атауымен тіркелген аккаунтында) екі бүйрегі істемей қалған 12 жастағы Жанель есімді жасөспірімнің еміне 30 мың еуро қажет деп дабыл қаққан. Науқас қыздың ата-анасы өте қарапайым жандар. Мұнша қаражатты табуға олардың шамалары жетпейді. Алайда қыздың жағдайы күннен күнге нашарлауда. Содан қайырымды жандар әлеуметтік желілерде белсене, тіпті картоп, алма және тосап сатып, қажетті соманың 2 млн теңгеден астамын ғана жинаған.

Қайырымдылық шара мұнымен тоқтап қалмайды. Қазанның 15-16 күндері Алматыдағы «Ақсай» республикалық ауруханасының алдында науқас Жанельді қолдау мақсатында арнайы шара өтеді. Бұл қайырымды акцияға қазақстандық әнші Бүркіт пен Аиша қатысады деп күтілуде. Толығырақ мәліметті 8 701 911 02 02 нөмірі арқылы білуге болады.

Естеріңізге сала кетейік, қайырымдылық іспен айналысушы жас Айдын Тоқсанбаева жасөспірім Жанельге көмек қажет деп дабыл қағып, желі қолданушыларынан көмек сұраған болатын. Ал 25 қыркүйек ол күні өзінің желідегі парақшасында ой саларлық жазбасымен бөлісті.

«Ең арзан темекі 240 теңге тұрады, сұраныста жүргендері, яғни, көпшілік алатыны 350-480 теңгеден екен. Менің ұсынысым, егер, «мен темекі шекпесем өлмеймін» деп айта алсаңыз, сол 3-4 пачканы (қорапты) шекпей, сол қаражатты бүйрегі істемей қалған Жанель деген 12 жасар қызға +7 777 211 21 10 Qiwi четына аударыңыз да, организміңізге 2-3 күн темекіден демалыс беріңіз. Мүмкін жамандықты жоямын деп жақсылық жасаған жанның 1000 теңгесі Жанельге өмір сыйлар!», - деп жазған болатын желі қолданушысы.

Осы ретте айта кетейік, екі бүйрегі жұмыссыз қалған Жанельге қол ұшын созамын деушілер болса, КИВИ әмияны арқылы мына нөмірге: +7 777 211 21 10 қаржы аудара аласыздар.

Тағы да оқыңыздар:

Алматыда 100 миллионның көлігін мінетін студенттер кімдер? (фото)

Алматыға алғашқы қар түсті (фото, видео)

Бас прокурор елдің ақшасын жымқырып шетел асқан экс-депутатты нағыз қылмыскер деп атады

Алматы облысында қаза болған үш ағайынды жігіттің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Жұлдыздар жанжалы: бірін-бірі ұнатпайтын кімдер?

Сенаторлар түнге дейін жұмыс істейтін шенеуніктерге араша түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1283681-syrqat-buldirshinge-aqsha-audarghan-zhan/

pixel