Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралдық жезөкшелер бір түнде қанша пайда табатынын жайып салды

Опубликовано:

Жеңіл жүріске салынған оралдық қыз-келіншектерге жүктілік те, емізулі бала да кедергі емес екен. Олар айтқан әңгімеден көпті көрген тәртіп сақшылары да жағаларын ұстап отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Кезекті рейд өткізген полицейлер ә дегеннен-ақ көше бойында көлбеңдеген он шақты қызды ұстап, бөлімшеге жеткізді. Бөлімшеге жиі келетіндіктері көрініп-ақ тұр. Еш қарсылықсыз суретке түсіп, саусақ іздерін қалдырып, сауалдарға да саспай жауап беріп жатыр.

Қыздардың барлығы дерлік Оралға ауылдық жерлерден келген. Бір-бірінің аузына түкіріп қойғандай, айтатын әңгімелері де ұқсас. Қаладан жұмыс таппай үйге қайтуға именгенімен, интим-қызмет көрсетуді ар санамапты. Мысалы, Диана бір жылда қанша еркекпен төсектес болғанынан шатасса да, бір түнде қанша қаражат табатынын жақсы біледі. Күніне 20 мың теңге. Тапқанына өзі мен үйіндегі кішкентайын асырап отыр.

"Үйден кетіп қалғасын құрбым осындай жұмыс барын айтты. Бір-екі рет шақыртуға бардым. Солай басталып кетті", - дейді Диана.

Бұл жолғы рейд кезінде перзентханадан шыға салып, тәнін саудалауға кіріскен келіншек анықталды. Оның жағдайы көпті көрген полицейлердің жағаларын ұстатты.

"28 жастағы келіншек ұсталды. Баласын босана сала тән саудасына қайта кірісті. Ол шақалағы мен өзін асырайтын ақшасы болмаған соң амалсыздан көшеге шықтым деп отыр", - дейді БҚО ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі Владимир Мартынов.

Жиі өткізілетін мұндай шаралардың арқасында ауыр қылмыстар да ашылып жатыр екен. Мысалы, осыдан екі ай бұрын қыздарды секс-құлдықта ұстап отырған қылмыстық топ құрықталыпты. Қазір іс сотқа жетіп, 3 айыпталушы жазасын күтіп отыр.

Тағы да оқыңыздар:

Алматыда 100 миллионның көлігін мінетін студенттер кімдер? (фото)

Алматыға алғашқы қар түсті (фото, видео)

Бас прокурор елдің ақшасын жымқырып шетел асқан экс-депутатты нағыз қылмыскер деп атады

Алматы облысында қаза болған үш ағайынды жігіттің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Жұлдыздар жанжалы: бірін-бірі ұнатпайтын кімдер?

Сенаторлар түнге дейін жұмыс істейтін шенеуніктерге араша түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1283347-oralda-perzentkhanadan-shygha-sap-zhezok/

pixel