1282710 2017 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына тағы қандай футболшылар енді? ➨ Читайте больше на NUR.KZ Спорт

Атақты Криштиану Роналду Гиннестің рекордтар кітабына енді

2017 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына бірнеше спортшы енді деп хабарлайды шетелдік басылымға сілтеме жасап ҚазАқпарат.

Атақты Криштиану Роналду Гиннестің рекордтар кітабына енді

Криштиану Роналду. Фото: Сплетник

Олардың арасында «Реал» командасының шабуылшысы Криштиану Роналду, «Арсенал» командасының қақпашысы Петр Чех, «Эвертон» командасының жартылай қорғаушысы Гарет Бэрри және Англия чемпионы «Лестер Сити» бар.

Түрлі жетістіктері үшін мадридтік «Реал» шабуылшысы Криштиану Роналду, «Лестер» ағылшын футбол клубы, «Арсенал» қақпашысы Петр Чех, «Эвертон» жартылай қорғаушысы Гарет Бэрри, америкалық футболшы қыз - Карли Ллойд, теннисшілер - Новак Джокович пен Серена Уильямс, голландиялық автошабандоз Макс Ферстаппен марапатталды.

Айта кетейік, Роналду Twitter әлеуметтік желісіндегі ең танымал спортшы атанды. 2016 жылы 7 қазанда оның оқырмандары 47 млн 262 мың 909 адамға жеткен.

Өткен маусымда «Лестер» өз тарихында алғаш рет Англия чемпионы атанды. Сонымен бірге, команда турнир кестесіндегі ең төменгі орыннан ең жоғары орынға көтерілуі рекордты нәтиже болып тіркелген. Алдыңғы маусымда «Лестер» 14-орында тұрған еді.

Тағы оқыңыздар:

Дариға Назарбаева әкесінің денсаулығы жайлы айтып берді

Сегіз қырлы, бір сырлы шенеуніктер кімдер? (фото, видео)

БҚО-да мұғалім 10-сынып оқушысының жыныс мүшесінен езіп жіберді

Сапарбаевтың жақын досы оның өткен өмірінен сыр шертті (фото)

Қостанай перзентханасында жүкті әйел көз жұмды

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 5

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .