Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелдіктер асырап алған қазақ балаларының саны 9 мыңға жақындап қалды

Опубликовано:

Шетелдіктер асырап алған қазақстандық балалардың саны 8 805-ке жетті деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

Қазақстаннан шетел азаматтары асырап алған балалардың жалпы саны 8 805-ке жетті. Бұл туралы «ҚазАқпараттың» ресми сауалына Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жолдаған жауапта хабарланды.

«Ал 2011 жылы шетел азаматтарының бала асырап алу рәсімінің механизмі қарастырылатын «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі қабылданды. Кодекс қабылданғаннан кейін (шетелдік агенттіктерді аккредитациялау арқылы) елімізде барлығы 125 бала асырап алынды»,-деп атап өтілген комитет мәліметінде.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекс пен «Балаларды қорғау және баланы шетелдіктер асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстанның Заңы қабылданғанға дейін республикамызда бала асырап алу күші жойылған «Неке және отбасы» заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын.

Қабылданған Кодекстің талаптарына сәйкес қазақстандық азаматтардың бала асырап алу процедурасының жеңілдетілуімен бірге қазақстандық балаларды асырап алғысы келетін шетелдіктер үшін бала асырап алу процедурасы күшейтілді.

Осы жылдың сәуір айында қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңымен бала асырап алу жөніндегі агенттіктерге қойылатын талаптар күшейтілді.

Егер агенттік өзінің аккредитациясынан айырылған жағдайда құзырлы шетелдік мемлекеттік органдарға асырап алынған балалар туралы есепті ұсыну міндеттері жүктеледі, сондай-ақ асырап алынған балаларға қатысты орын алған барлық қайғылы оқиғалар, жағдайлар мен зорлық-зомбылық туралы дереу хабарлау қажеттігі міндеттеледі

 

Тағы да оқыңыздар:

Алты жасар қызды зорлаған күдікті бала кезінде өзі де зорлық көрген

Әлемдік басылым Баландин, Левит, Рыпакованы мұсылмандар қатарына қосып қойды

Қазақстан Ресеймен бірігіп жолаушылар ұшағын шығармақ

Головкиннің жаттықтырушысы оның жеңілісіне қатысты пікір білдірді (видео)

Қызды құтқармақ болып арбаға таңылған қазақ жігіті өміріне мән сыйлаған жарына алғыс айтты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1277276-sheteldikter-asyrap-alghan-qazaq-balal/

pixel