1267766 Теңгенің нығаюы уақытша құбылыс па? ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика және бизнес

Отандық экономистер ұлттық валютаның алдағы тағдырын болжады

Үкімет теңгені еркін айналымға жібергелі ұлттық валютаның құны үш есеге құлдырады. Сондықтан қазір жұрттың валюта ауыстыру орындарындағы өзгеріске көзі үйренген деп хабарлайды КТК арнасы.

Отандық экономистер ұлттық валютаның алдағы тағдырын болжады

Теңге. Фото: uralskweek.kz

29 қыркүйекте теңгенің АҚШ ақшасына шаққандағы бағамы 335 жеткенде де ешкім аса мән бермеді. Сарапшылар болса, теңгенің бұлай қайта нығаюын Ұлттық банк жүргізіп жатқан дедолларизациямен байланыстырып отыр.

"Өйткені бұрын теңгені сен банкке депозитке салсаң қанша пайыз алушы едің? 3-5 пайыз. Ал қазір 10-14 пайыз мысалы беретін банктер бар. Егерде дедолларизация толық жасайтын болсақ, теңгенің мұнайға қатысы болмайды", - дейді сарапшы Жангелді Шымшықов.

Оның үстіне «ОПЕК ұйымына мүше мемлекеттердің мұнай өндіруге шектеу қою туралы келісімге келді» деген ақпарат тарай салысымен, Брент маркалы қара алтын да 48 доллардан асып, 6 пайызға қымбаттап отыр. Яғни тәулігіне 33 миллион баррель мұнай шығаратын ОПЕК өндірісті 700 мың баррельге дейін қысқартпақ. Әзірге мұнай экспорттайтын елдер өзара ауызша келіскен. Алайда, қараша айының соңында Сауд Арабиясы, Иран, Ирак, Алжир сынды 13 елдің басшылары Венаға жиналып нақты шешім шығармақ. Бірақ, сарапшылардың пікірінше, ұйымға мүше елдердің мұндай шектеуді бірауыздан қолдауы екі талай.

"Әсіресе, Иран, Иран тәулігіне 4 миллион баррель шығаратын деңгейге көтерілеміз деп әрекет жасап жатыр. Қанша олар Иранды азғырып, үгіттегенімен әркімнің өз мүддесі өзінікі", - дейді сарапшы Жангелді Шымшықов.

Ал, шектеуге бірінші Алжир келісіп отыр. Өйткені, мұнда кен орындарының таусылуына байланысты өндіріс көлемі төмендеп кеткен. Ал Қазақстан керісінше, қазан айынан Қашаған кен орны іске қосып, мұнай өңдеуді 75 миллионнан астам баррельге жеткізуді жоспарлап отыр. Сондықтан, ОПЕК-тің мұнай өндіру көлемін шектеп, әлемдік нарықтағы қара алтынның қымбататуы біз үшін өте тиімді.

"Біздің экономикаға ол жақсы әсер етеді. Бюджет қызметкерлеріне, зейнеткерлерге ақша түседі. Басқа зауыттар ашамыз, экономикамызды көтереміз. Біз көп әлеуметтік бағдарламаларды азайттық, біз оны қайта жаңғыртамыз. Ауыл шаруашылығын көтеруге болады", - дейді экономист Тұрсынбек Өмірзақов.

Мұнай қымбаттай берсе, бірінші кезекте бюджеттің түсімі артып, жұрттың табысы өседі. Дегенмен, сәйкесінше, көлік, баспана, мен тұрмыстық техниканың бағасы көтерілуі мүмкін. Ал, шетел экономистері ОПЕК мұнай өндіруді шектейтініне сенімді. Сөйтіп, келесі жылы 53 долларға дейін қымбаттауы ғажап емес. Қазақстан экономикасы «қара алтын» құнына тікелей байланысты болғандықтан, Үкіметтің алдағы жылдардың бюджетін де қайта есептеуіне тура келетін сияқты.

Тағы оқыңыздар:

Ауқымды делегациямен Бас прокурор келер алдында Ақтөбе «сақалдылардан» тазартылды

Қапшағайда сарбазды ұрып өлтірген командир қамауға алынды

Рүстем Әбдірашев "Қазақ елі" фильміне қатысты ащы шындықтың бетін ашты

Көліктен шықпай дәрет сындырған алматылық полицей жұмысынан қуылды

Алматылық қария 80 жасында өзінен екі есе кіші сүйіктісінен балалы болды

Источник: КТК арнасы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 4

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .