Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір шаңырақ астында жарты ғасыр тұрған павлодарлық отбасы 45 жылдан соң некесін қидырды (фото)

Опубликовано:

Павлодардағы Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінде 45 жыл бір шаңырақ астында ғұмыр кешкен Қаляшевтар жанұясы некелерін қидырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Қабылбек ата мен Бағия апаның ақ некесін орталық мешіттің бас имамы Нариман қажы Исенов қиып, қолдарына неке куәліктерін табыс етті. Бүгінде қос-қария перзент тәрбиелеп олардан немере-жиен сүйіп, тамырын тереңге жайған аяулы ата-әже. Алғаш қол ұстасқан кезде шариғат жолымен неке рәсімін жасатуға мүмкіндік болмапты. Деседе, «игіліктің ерте-кеші жоқ» дегенді ұстанған олар бір шаңырақ астында жарты ғасырға жуық ғұмыр кешсе де, Алла жолындағы ақ некесін қидыруды жөн санапты.

"Өздеріңіз білесіздер, ертерек отбасын құрған адамдарға шариғат жолымен неке рәсімін жасауға мүмкіндік болған жоқ. Қазір сол олқылықтың орнын толтыру үшін өздерінің қалауы бойынша, Алла жолындағы ақ некелерін қидырып жатқандар бар. Биыл жыл басынан бері балалы-шағалы болып отырған 10-нан астам отбасы келді. Тіпті Ресейден келіп некелерін қидырып, балаларына азан шақырып, ат қойдырып кететіндер де бар", - дейді орталық мешіт қызметкері Айгүл Есенәлиева.

Тағы да оқыңыздар:

Танымал тележүргізуші кәрі қыздардың қатарына қалай қосылғанын айтып берді

Андрей Аршавин: Қазақстан тура Ресей сияқты, бәрі орысша сөйлейді

Шетелдік компаниялар Қазақстанның жерін жалға алып үлгерген

Айнұр Тұрсынбаеваның қызы қағып кеткен жігіт есте сақтау қабілетінен айырылған (фото)

Отандық журналист Ләйлә Сұлтанқызын жұмыстан қуып жіберуді ұсынды

Бангладеште сексендегі қарияға ұқсайтын сәби дүниеге келді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1267097-bir-shanhyraq-astynda-zharty-ghasyr-turgha/

pixel