1265754 Ақышев: Қаржының табыс әкелуіне көңіл бөлеміз ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика және бизнес

Ұлттық банк төрағасы зейнетақы қорындағы қаржыны қалай жұмсап жатқанын айтты

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты тиiмдi жұмсалып жатқанына сендiрiп отыр.

Ұлттық банк төрағасы зейнетақы қорындағы қаржыны қалай жұмсап жатқанын айтты

Данияр Ақышев. Фото: diapazon.kz

Бұл туралы ол мәжiлiстiң жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

«Былтыр Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатын инвестициялау бойынша шешiм қабылдау процесiне айтарлықтай өзгерiстер енгiзiлдi. Инвестициялаудың негiзгi бағыттарын қазiр Мемлекет басшысы басқаратын Ұлттық қорды басқару кеңесi ұсынады. Яғни, зейнетақы қорының қаражаты қайда бағытталатынына қатысты негiзгi шешiмдердi осындай деңгейге шығарамыз. Тиiсiнше бұл мәселеге үлкен жауапкершiлiкпен қараймыз. Бiрiншi кезекте, қаржының сақталуы, салымның сенiмдiлiгi қамтамасыз етiледi. Одан кейiн барып салынған қаражаттың табыс әкелуiне көңiл бөлемiз», - дейдi Данияр Ақышев.

Оның айтуынша, қазiргi уақытта Ұлттық банктiң Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын басқару бойынша барлық операциялары ашық әрi қолжетiмдi. Зейнетақы қоры өз инвестициялық декларациясын тұрақты түрде жариялайды, осылайша қор инвестициялайтын бар қаражатты әркiм көру мүмкiндiгiне ие.

«Екiншiден, қазiргi ставкалар нарықтық көрсеткiшке жақын, тiптi кейде жоғары. Тиiсiнше бұл Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жоғары табыстылығын қамтамасыз етедi. 2016 жылдың бiрiншi жартыжылдығында қордың табысы инфляция деңгейiн айтарлықтай басып озды. Ақшаны қайтару мәселесiне келсек, қазiрi уақытта барлық инвестиция сенiмдi. Бүгiнде зейнетақы активтерiн басқару саясаты тиiмдi деп есептеймiн», - деп сендiрдi Ұлттық банк төрағасы.

Тағы да оқыңыздар:

Бауыржан Исламхан тамыз айының үздік футболшысы атанды

Миына қан құйылған Израильдің экс-президенті қаза болды

Дәрігерлер жүрегі сыр берген Атамбаевтың жағдайын айтты

Ақтөбеліктер "91" тобын қалаға аттап бастырмаймыз деп ашуға мінді (фото)

Мәдина Сәдуақасованың стилисі әншінің қатігез екенін жайып салды

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .