Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бағлан Әбдірайымов Ninety One тобына қатаң ескерту жасады

Опубликовано:

«Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов атышулы 91 тобына ескерту жасаймын деп басы дауға қалды деп хабарлайды Baq.kz.

Бұған дейін танымал әнші Сәкен Майғазиев те «Ninety one» тобына қатысты өз пікірін білдірген болатын.

Қазақ өнеріне өзіндік қолтаңбасымен келуді көздеген 91 тобының мүшелеріне Бағлан Әбдірайым өзінің инстаграмдағы парақшасы арқылы ескерту жасаған.

«Ерболат және 91 тобы! "Есің барда еліңді тап" - деген мақалды еске түсірейін. Өнерлеріңе қарсы емеспін. Түрлеріңді өзгертіңдер! Қазақта намысы жоғары жігіттер баршылық. Бояйтын шаш, сырға тағатын құлақ таппай қалып жүрмеңдер! Достық кеңесім!» - деп жазған «Жігіттердің» бірі.

Бағланның осы сөзін күтіп тұрғандай-ақ 91 тобының жанкүйерлері оған тарап бас салды. Үш сағаттың ішінде жазылған 1,5 мыңнан астам пікірдің ішінде небір сөздер жүр.

Тіпті eaglezzaq есімді әлеуметтік желі қолданушы:

«БАҒЛАН аға бұныңызға жол болсын не масқара бұл?! Қорқытып тұрғаныңыз ба? Тек Қазақстанның өзінде миллинондаған жанкүйрелері бар топты фанаттары "Ал қорлаңдар" деп қарап тұрады деп ойлайсыз ба? Әлде бұл топ тараса "О, Жігіттер тобы" деп естері кетіп сіздерді тыңдайды деп ойлайсыз ба? Сананың қай дәрежеде екенін көрсетеді бұл?! "Достық кеңес" қайдағы достықты айтасыз? Досына досы осылай қастық қылар ма? Қазақ жастары қандай музыка тыңдау керек түсіндіріңізші? Зарлаған күйдім, жандым деген "Арзан" әндерді ме? Әлде тойдың "Арзан" әндерін бе? Жастарды аямайсыздар ма? Бірдеңе етсе "ата-бабамыз" деп шығасыздар, "қазаққа жат" дейсіздер сонда қазаққа қайтпек керек? Қазақпыз деп заманауилықтан бас тарту керек пе?» - деп өз сауалын да қойып үлгерген екен.

Бұдан бөлек, Бағлан Әбдірайымовке бағытталған көптеген пікір 91 тобын қазіргі жастардың жаппай қолдайтынын көрсететіндей.

Тағы оқыңыздар:

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның қызы жаяу жүргіншіні қағып кетті

Шымкенттік келіншекті күйеуі ұсқынсыз болғаны үшін үйінен қуып шықты

Ақтөбе облысында көршісі аяусыз зорлаған жас келіншек қайтыс болды

Шымкент әкімі көпшілікке алғаш рет әйелін көрсетті (фото)

Жаңа көйлек киген Мәдинаны оқырмандары тауыққа ұқсатты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1263556-baghlan-abdirayymov-ninety-one-tobyna-qulaghyna/

pixel