1261750 Спортшы одан бөлек КСРО-ның үш дүркін батырының медалін алды Спорт

Василий Левитке алтын медаль табысталды (видео)

Ресейдегі армия, авиация мен флотқа жәрдемдесудің ерікті қоғамы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левитке «Еңбегі үшін» I дәрежелі орден мен КСРО-ның үш дүркін батыры Александр Покрышкиннің медалін беріп жіберді. Қостанайда өткен шарада аталған наградалар мен алтын медаль Левитке табысталды деп хабарлайды Baq.kz «Алауға» сілтеме жасап.

Василий Левитке алтын медаль табысталды (видео)

Василий Левит. Фото: championat.com

Ұйымдастырушылардың айтуынша, медаль арнайы Василий Левит үшін құйылды. Оның Рио-Олимпиадасының медальдарынан еш айырмашылығы жоқ. Бір артықшылығы - 25 микрон алтыны бар. Ал Олимпиада медальдарын тек 6-ақ микрон алтынмен ғана жалатып қояды.

«Біз үшін Василий Левит - Олимпиада чемпионы!», - дейді қостанайлықтар.

Кездесуге Василий Левиттің алғашқы бапкерлері де қатысты. Асылхан Бусурманов пен Марат Тапенов 10 жасар боксшыны тәрбиелеп, спорт шебері деңгейіне жеткізгеннен Астана қаласына жіберген. 12 жыл бойы Василий «Сұлтан» атты спорт клубында жаттығып, өз шеберлігін шыңдады.

Айта кетейік, Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындары кезінде қазақстандық боксшы, Қостанай облысының Федоровка аулының тумасы Василий Левит финалға дейін жетіп, ресейлік боксшы Евгений Тищенкомен кездескен болатын.

Левит соққылардың саны жағынан ұтып тұрса да, төрешілер өз шешімін Тищеноконың пайдасына шығарды. Осыдан кейін залда отырған көрермендер ысқырып, қазылар алқасының шешіміне наразылық білдірді. Марапаттау салтанатында да Тищенко мінберге көтерілгенде халық гуілдеп, чемпионды мойындамайтындарын жеткізген.

Видео:" rel="nofollow"> Алау

Тағы оқыңыздар:

Нұрсұлтан Назарбаев: Мені асыра мақтаудың қажеті жоқ

Бахрейнде секс-құлдыққа сатылған қарағандылық қызды дипломаттар геолокация арқылы тапқан (фото)

Ақтөбеде қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түскен қаңғыбас жындыханаға жабылды (фото)

Қазақстанда айыппұл төлемесең айлығыңды ала алмайсың

Алматы облысында малын 6 миллион теңгеге сатып, үйіне оралмаған үш ағайынды табылмай жатыр

Халал балабақшалар Назарбаеваның ашуына тиді

Момышұлының келiнi: Қазақтың қыздары күйеуге тигенге дейiн ешқашан басына орамал салмаған

Источник: BAQ.KZ

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также


Комментарии 31

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .