1260484 Ол мемлекеттік мекемелердің арнайы тапсырысымен ғана өндірілетін болды ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика және бизнес

Қазақстанда Аи-80 бензинін енді қарапайым халық сатып ала алмайды

Қазақстанда Аи-80 маркалы бензинін өндіру көлемі қысқарады. Бұл туралы ҚазАқпаратқа Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстанда Аи-80 бензинін енді қарапайым халық сатып ала алмайды

Бензин. Көрнекі фото

«2015 жылдан бастап Аи-98 бензиніне мемлекеттік реттеу тоқтатылған еді, ал 2016 жылы мемлекеттік реттеу дизельдік отынға да жүргізілмейді. Аталған мұнай өнімдеріне баға сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады, яғни нарықпен реттеледі. Бүгінде мемлекеттік реттеу Аи-80 бензинінің бағасына ғана бекітілген»,-деп нақтылады министрлік өкілдері.

Белгілі болғандай, қазіргі кезде Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарында қолданыстағы қуатты қайта жаңарту мен жаңғырту жобалары жүзеге асырылуда. Осыған байланысты Аи-80 маркалы бензинін өндіру көлемі қысқаруда.

«Зауыттарды жаңғырту шаралары аяқталғаннан кейін, Аи-80 бензині тек кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің (ІІМ, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қорғаныс министрлігі) арнайы тапсырысымен ғана өндіріледі. Аталған шара Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарына орай іске асырылып отыр», - деп хабарлады ведомстводан.

Тағы да оқыңыздар:

Жарақат алған Месси үш апта бойы алаңға шықпайтын болды

Талғат Ермегияев қыз зорлап, адам өлтіргендермен бірге жазасын өтеуде

500 мың теңгеге кілем, 90 мың теңгеге үтік алғысы келетін ақтөбелік дөкей кім?

Шымкентте жемқорлық әрекеті үшін ұсталған депутат алаңсыз қызметіне оралды

Алматыда BMW жүргізушісі төрт адамды жер жастандырды (фото)

ОҚО әкімі ақша жинаудан жарысып, құдайдан қорықпайтындарды айтып қынжылды

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 16

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .