1260354 Зейнеткер: Мықындарын мың бұрап билейтін сол қыздар әкесіндей адамдардан ұялмайды Общество

Шымкенттік кейуана тойда тәнін жалаңаштап билейтін қыздар үшін ұялды

Шымкенттік зейнеткер Алтынай Әзизова  тойға жиі баратынын айтып, қазақ тойларында жартылай жалаңаш қыздар үшін ұялатынын айтқан.

Шымкенттік кейуана тойда тәнін жалаңаштап билейтін қыздар үшін ұялды

Көрнекі сурет. Фото: artmuz.com.ua

Бұл туралы ол Замана басылымы жазады.

"Қазіргі тойлардың көңілі толатын да, қарны ашатын да жерлері бар.  Той жасаған адам көпшіліктің көңілінен шығу үшін барын шашатыны рас.  Сөйткен той ойдағыдай өтсе, жақсы. Жалпы, біз қонақ келсе қуанатын, келмесе тамағымыздан ас өтпейтін ақкөңіл халықпыз ғой.  Сол пейілімізге қарай тойдың да түр-түрін көбейтіп жібердік. Оның  біріне көңіліміз толып қуансақ, екіншісінен кейіңкіреп қайтамыз. Асабалар, әншілер мен бишілер қазақы салт-дәстүрімізге өзгерістер енгізіп, ұлттық  киімдердің де нақышын басқаша үлгіде шығарып жатыр. Айта кететін тағы бір жайт, үстеріне кішкентай ғана шүберек орап биге шығатын  қыздар пайда болды. Ұят-ай, солардың орнына мен ұялып отырамын. Тойға кәрі де, жас та барады. Тәнін жалаңаштап, мықындарын мың бұрап билейтін сол қыздар әкесіндей адамдардың алдына шығуға ұялмайды ма екен деген ой келеді.  Олар ертеңгі келін, болашақ аналар емес пе? Билесін бірақ бар абыройын көрсетпей-ақ, жабық киім  киіп билесе өздеріне де, көрушілерге  де жақсы емес па? Көп тойларға барғанда көңілім толмай, кейіп қайтатыным осындай жайлар", - дейді кейуана.

Бір жылда 45 тойға шақырту алғанын айтқан зейнеткер ұзату тойларында қалыңдықты түнгі сағат 12:00-де алып кетуі де күлкілі жағдай деп отыр.

"Содан соң көптеген қыз ұзату тойларында қызды түнгі 12-де шығарады. Осы дұрыс емес деп ойлаймын. Ұзатылатын қыз күйеуінің табалдырығынан күндіз барып аттағаны жақсы. Ал сүндет тойда баланы  түйеге мінгізіп шығаратын болыпты. Ол ол ма өткен бір тойда машинаға мінгізіп шығарды.  Олай жағдайы жақсы, бақуат тұратындар істейді әрине. Бірақ қарапайым адамдар да қалыспай, тыраштанып жатады. Менің айтарым тойды әркім өз шама-шарқына қарай жасағаны жақсы", - дейді Алтынай Әзизова.

Сонымен қатар, зейнеткер тойда құдалардың тым көп сый-сияпат жасайтынын да атап өтті.

"Қазір көбінесе жарыс болып тұр. Тек қана алтын тағу, «норка шуба» кигізу одан қалса үй әперу, көлік мінгізу деген сияқты. Соны көрген кейбір жағдайы төмен отбасылар несие алып,  қарызға батып әбіржіп жатады. Ақша жоқ үйде ұрыс-керіс көбейеді. Сондықтан үйленетін жігіт те, ұзатылатын қыз да тұрмыс деңгейіне қараса,  тойды көрпесіне қарай көсіліп жасаса дұрыс болар еді. Ал китке келетін болсақ, естелік ретінде қыздың ата-анасына алтын, жанына еріп келгендерге күміс таққан дұрыс. Бұрыннан келе жатқан салтымыз болғандықтан жағдайы келіссе, үйге келген қонақты китсіз шығармау керек. «Ана сүті», «Әке күші» деген бар. Қыз алған жақ оны беруге міндетті. Бірақ үлкен көлемде емес, жағдайына қарай бергені жөн. Аз болса, оны құдалары да түсінуі, берген сыйлыққа қанағат етіп, риза болғандары жақсы. Китте, алтында тұрған ештеңе жоқ. Ең бастысы екі жас бақытты болып кетсе болғаны. Сонда ғана екі жақтың да қарым-қатынасы жақсы болады", - дейді ол.

Тағы да оқыңыздар:

Жарақат алған Месси үш апта бойы алаңға шықпайтын болды

Талғат Ермегияев қыз зорлап, адам өлтіргендермен бірге жазасын өтеуде

500 мың теңгеге кілем, 90 мың теңгеге үтік алғысы келетін ақтөбелік дөкей кім?

Шымкентте жемқорлық әрекеті үшін ұсталған депутат алаңсыз қызметіне оралды

Алматыда BMW жүргізушісі төрт адамды жер жастандырды (фото)

ОҚО әкімі ақша жинаудан жарысып, құдайдан қорықпайтындарды айтып қынжылды

 

Источник: Zamana.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 16

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .