Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

15 жасында тұрмыс құрған қарағандылық қыз Бахрейнде секс-құлдықтан құтқарылды

Опубликовано:

Жат елде жезөкшелікке жегілген қарағандылық бойжеткен сексуалдық құлдықтан босатылды деп хабарлайды КТК арнасы.

18 жастағы отандасымызды Бахрейн полициясы құтқарған. Енді ол құжаттарын рәсімдеп Қазақстанға ұшып келуді жоспарлап отыр.

Самал есімді бойжеткен осыдан бір ай бұрын Бахрейн астанасы Манамаға өз еркімен барған екен. Оны жақын танысы жұмысқа орналастырамын деп алдап апарып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Тіпті ұшақ билетін де құрбысы сатып алып беріпті.

Алайда Бахрейнге барған бетте барлық құжаттарын тартып алып, қонақүйлердің бірінде тәнін сатуға итермелеген. Сондықтан мұндай қорлыққа шыдамаған бойжеткен өзін сексуалдық құлдықтан құтқаруды сұраған болатын.

Бостандық алған бойжеткеннің Қарағандыда 2 жарым жасар ұлы бар екен. Яғни 15 жасында тұрмыс құрған ол күйеуіммен ажырасып кеттім дейді. Самалдың айтуынша Бахрейнде тәнін саудалап жүрген жерлестеріміз көп көрінеді.

"Бахрейнде Қазақстаннан келген қыздар көп. Оларды ұстап отыр. Қонақүйлердің бәрі толған жезөкше. Бәрі нашақор. Өткен аптада дозаны артық қабылдап қойған бір қазақ қызы өліп кетті. Мүмкін өлтіріп тастаған болар", - дейді ол.

Тағы оқыңыздар:

Ақмола облысында ер адам жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, қашып кетті

Желі қолданушысы Қайрат Нұртасты тыңдайтын адамдарды қойға теңеді

ОҚО-да рулас қарындасын зорламақ болған жігіт бүтін ауылды дүрліктіріп отыр (видео)

Ресейлік ғалым исламның христиан дінін қашан қуып жететінін айтты

ОҚО-да өз тойларына асыққан жас жұбайлар жол апатынан қайтыс болды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1260078-bakhreynde-zhezokshelikke-salynghan-qar/

pixel