Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әр елде мектеп формасы қандай?

Опубликовано:

Мектеп формасы – тек оқушылардың жай ғана киімі емес, ол сол елдің мәдениеті мен дәстүрін де айшықтайтын көрініс. Ендеше әлемдегі елдердің мектеп формаларының түрлі болуы да заңды нәрсе деп жазады egemen.kz.

Ағылшын формасы – ескі үлгіде

Британдық мектеп формасының стилі классикаға негізделген. Ортаңғы сынып оқушылары батыс стиліндегі ортодоксалды форма киеді. Ер балалар классикалық костюм мен галстук тағып, былғары бәтеңке киеді, қыздар да батыс стилінде киінеді.

Кореяның формасы – джентльмендік үлгіде

Ұлдар жағы ақ көйлек және батыс стиліндегі шалбарды кисе, қыздар ақ жейде, жәкет, қара юбка және галстук тағады.

Жапония формасы – теңізшілер киіміне ұқсайды

Жапон оқушылары үшін мектеп формасы тек мектептің символы ғана емес, заманауи сәннің ағымы болып саналады. Тіпті, мектеп таңдаудың факторы болып та табылады. Сол себепті, мектеп формасын матрос костюмі деп атайды. Сондай-ақ, мектеп формасына анименің элементтерін қолданады.

Малайзияның мектеп киімі – мұсылмандық үлгіде

Малайзияда оқитындардың бәрі қатаң ережеге бағынады. Қыздардың көйлегінің етегі ұзын, тізесін жауып тұратын, ал көйлектің жеңі білекті жауып тұруы тиіс. Бұлардың мектеп формасы өте консервативті.

Австралия – ұлдар мен қыздар формасында айырма аз

Австралия оқушылары (ер бала, қыз бала болсын) қара былғары туфли, ақ нәски киюі керек. Олар мектеп формасын барлық уақытта киіп жүреді екен. Тек дене шынықтыру пәні кезінде ғана ауыстырады.

Бутан мектеп формасы өте қолайлы

Бутан оқушылары сөмке де, портфель де асынбайды. Олар барлық затын, кітаптарын киімдерінің ішіне салып арқалап келеді.

АҚШ формасы – ең еркін стиль

Америка Құрама Штатында оқушылар үшін киім таңдауда шектеу жоқ. Олар мектеп формасын кию, кимеуді өздері шешеді.

Оман формасы – ең ұлттық үлгі

Оман оқушыларының мектеп формасынан ұлттық этникалық ерекшеліктері көрінеді. Оқушылар ғана емес, студенттер де ұлттық киімдер киеді. Ал студент қыздар орамал тартады.

Таиланд формасы 

Ең сәнді формалардың бірі бәлкім. Таиландтың барлық оқушылары мектеп формасын мектептен колледжде оқығанға дейін киюі тиіс. Бірақ, Таиланд студенттері денеге жабысып тұратын жейде мен қысқа етекті юбка киюге тырысады.

Қытай формасы – спорттық үлгіде

Қытайдың көптеген мектептерінде мектеп формасы тек мөлшерімен ғана ерекшеленеді. Ер бала мен қыз баланың мектеп формасында аса бір айырмашылық жоқ. Олар спорттық үлгідегі мектеп формасын киеді.

Қазақстан – классикалық үлгіде

Ұл балалар ақ жейде, костюм, жәкет, қара туфли, қыздар жағы ақ жейде, жәкет, қара немесе сұр түсті юбка киеді.

Тағы оқыңыздар:

Қостанайда ер адам үйімен қоса өртеніп кетті

Алдағы үш тәулікте Қазақстанда күн күрт суытады

ОҚО-да дәрігерлер психдиспансердегі науқасты ұрып, қабырғасын сындырды (фото)

Жезқазғандағы саябақта 10 жасар қызға педофил шабуыл жасады

Маңғыстауда болған жантүршігерлік жол апатынан бір отбасының мүшелері түгелдей қайтыс болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1256110-ar-elde-mektep-formasy-qanday/

pixel