Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыздар Қайрат Нұртастың концертінде шаш жұлысып қалды (фото, видео)

Опубликовано:

Оралда қала күніне орай өткізілген концертке келген қыздар Қайрат Нұртас ән айтқан кезде төбелесіп қалды. Бұл туралы "Мой Город" порталына сілтеме жасап sn.kz хабарлады.

П.Атоян атындағы орталық стадионда өткен мерекелік концертке келушілердің саны көп болғаны сонша, трибуналарда ине шаншар орын болған жоқ. Ал ұйымдастырушылар қазақ эстрадасының ең жарық жұлдызына айналған Қайрат Нұртасты бағдарламаның соңында шығарып, шаршаған халықтың көңілін қайта көтеріп тастады.

Көңілдерінің көтерілгені соншалық, концерт көруге келген жұрт Қайратты жақыннан көру үшін полицейлер күзеткен қоршауды бұзып өтуге сәл қалды. Ал бойжеткен екі қыз болса сол жерде төбелесіп, шаш жұлысуға дейін барды.

Айта кетейік, тамыз айында Қайрат Нұртас Қостанайда қала күніне арналған концертте ән айтқан еді. Ол кезде әншінің фанаттары сахнаға шығып кетіп, Қайраттың киімін жыртқан болатын.

Тағы да оқыңыздар:

Президент Тәуелсіздік күніне арналған шараларда қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды

Әлемдегі ең қымбат көйлек аукционда сатылмақ (фото, видео)

Сағынтаевты Қазақстан премьер-министрі етіп тағайындады

Мамин Қазақстанның бірінші вице-премьері болып тағайындалды

Мәсімовке дейін ҰҚК кімдердің тізгінінде болды? (фото)

Шымкенттік әйел күйеуінің өліміне полицейлерді кінәлап отыр

Көкшетауда белгісіз жабысқақ жәндіктер қаптап кетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1247347-qyzdar-qayrat-nurtastynh-koncertinde/

pixel