Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар жыныстық қатынасқа топпен түсуге әуестене бастады

Опубликовано:

Қазақстандықтар әлеуметтік желіден ақылы түрде топпен жыныстық қатынасқа түсуді ұйымдастырып беретін жабық топтарды көптеп кездестіріп жүр. Кәмелетке толған азаматтар белгілі бір соманы төлеп, құпияны сақтаса болғаны деп жазады «Время».

Мұндай топтардың көптігі Шығыс Қазақстандағы Зырян қаласының тұрғынының шамына тиген. Роман Абрамов мұндай пабликтерді жасаушылар "жеңгетайлықпен" айналысып жүр деп есептейді.

«Секс-кештерге шақырады. Сөйтіп, оған қатысуға жігіттерден 15 мың, қыздардан 5 мың теңге алады деген. Сондай-ақ, қатыспай, жай ғана қарауға мүмкіндік береді. Ал бұл үшін қосымша ақы талап етіледі. ҚР ҚК 309-бабына сәйкес бұл "жеңгетайлық" болып саналады", - дейді Роман.

Ол прокуратураға жүгінген. Ал олар шағымды полицейлерге жолдаған. Полиция қызметкерлері қандай да бір шара қолданған-қолданбағаны белгісіз. ШҚО ІІД  баспасөз қызметіндегілер мұндай қоғамдық үйлердің жұмыс жасауына ешқандай жедел ақпарат ұсына алмады.

Ал Зырян қаласында мұндай пабликтер танымалдылыққа ие болуда. Шағын қала тұрғындары үшін мұндай жыныстық кездесулер - қызу әңгіме. Осы уақыт аралығында төрт кездесу өтіп үлгерген.

Еске салсақ, жабық кездесулерді өткізу туралы хабарламаның астына отызға жуық қолданушы белгіленген. Олардың екеуі, есімдерін құпия сақтап, өз тәжірибесімен бөлісті.

«Зырян шағын қала болса, не бопты. Мұнда адамдар үлкен қалалардағы секілді көңілдерін көтеріп, ләззат алғысы келеді. Мен мұндай кездесуге екі рет қатыстым", - деді ер адам. Сонымен бірге, оның айтуынша, қолданушылардың өзі осындай кездесулерді ұйымдастыратын көрінеді.

Ал қатысушылардан кім ақша жинайды және ол ақша қайда кететіні туралы сұраққа ол жауап беруден бас тартты.

«Крылатая Венера» деген лақап атпен тіркелген қолданушы да оған ешкім ақша төлемейтінін сендіріп отыр.

«Бұл жиынға елдер құмарлықтың жетегінде келеді. Ешкім ешкімге ешнәрсе қарыздар емес. (...) Мен бұл кештерге екі рет қатыстым. Кеш жабық түрде өтеді. Адамдар бірінен соң бірі келіп, қараңғыда шешініп, алдын ала маска да киіп алады. Мұны олар кейін бір-бірін танып қоймас үшін тағады", - деп айтып берді ол егжей-тегжейін.

Заңгерлердің айтуынша, мұндай кездесулерді ұйымдастыру - қылмыс. Алайда, полиция қызметкерлерінің кейде желіде жеңгетайлықпен айналысатындарды қадағалап отыру үшін техникалық мүмкіндіктері жетпей жатады. Бұл жерде бақылау жоқ және оны дәлелдеу мүмкін де емес.

Тағы да оқыңыздар:

Баян Есентаева: Мен жаныма бес метрге жақындаған кез-келген ер адамнан шошимын (видео)

Ақтөбеде 14 баланы құшағына басқан Жетесовтер отбасы тағы да бала асырап алмақ

Дереккөз: 9 қыркүйек күні Кәрім Мәсімовтің үкіметі отставкаға кетеді деп күтілуде

ОҚО-да алты баласымен жалғыз қалған келіншек бір тілім нанға зар болып отыр

Алматыда 30 миллион еуроға экстремалды аттракцион салынбақ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1245174-qazaqstandyqtar-zhynystyq-qatynasqa/

pixel