1244690 Ауыл шаруашылығы министрлігі Қытайға есек етін тасымалдамақ ➨ Читайте больше на NUR.KZ Общество

Қытай халқы еліміздің есектеріне көз сүзіп отыр

Қытайға әлі ет экспортын ұйымдастырып бітпеген Ауыл шаруашылығы министрлігі, көршілерге есек еті мен терісін де тасымалдаймыз деп отыр. Айтуларынша, Қытай елі қазір есектің етіне аса қызығып отырған көрінеді деп хабарлайды 31 арна.

Қытай халқы еліміздің есектеріне көз сүзіп отыр

Есек. Фото: www.speleo.lt

Ет тасымалы негізінен Қытайдың батысына, яғни мұсылмандар: қазақ пен ұйғыр, дүнгендер шоғырланған жеріне жіберілсе, есек еті мен терісі орталық Қытайға дейін бармақ.

"Қазір Қытай тарапынан есектің еті мен терісіне сұраныс артып отыр. Осыны ескеріп Қазақстанның оңтүстік аймақтарында арнайы шаруашылықтар ашпақпыз. Ол жерлерде арнайы Қытайға экспортталатын есектер өсіріледі", - дейді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева.

Ал қазақстандық шаруалар тағатсыздана күткен жылқы, сиыр етінің Қытайға экспорты жыл соңында басталады. Қыркүйектің аяғында Қытай инспекциясынан тексерушілердің соңғы легі келіп, шаруашылықтарды шолып шықпақ. Әзірге Қытайға ет шығаруға әзір деп таңдалған кәсіпорындарды көрші ел мақұлдаса, жыл соңына дейін олар тасымалды бастайды.

Тағы да оқыңыздар:

Депутат елімізде көлікте темекі шегуге тыйым салуды ұсынды

ОҚО-да той кортежі жолдың қарсы бетіне өтіп, жүргізушілерге автомат кезенді (видео)

Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша күдіктінің қорғаушысы атышулы фотоға қатысты пікірін білдірді

Қызылорда облысында тікұшақ құлап түсті

Қазғарыштың төрағасы орнына Еркін Шаймағамбетов келді

Желіде Тоқтар Төлешовтің өз қолымен жазған мойындау хаты жарияланды

Источник: 31 канал
В статье: Ослик

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 37

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .