Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамбек Беспаев келін түсірді (фото, видео)

Опубликовано:

Танымал әнші Мейрамбек Беспаев құда атанып, келінді болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Мейрамбек Беспаевтің інісі Мейірбек Беспаев шаңырақ көтерді. Бұл туралы әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

Ол видео жүктеп, оған: "Шиеліге барып, құда болып қайттық. Қуанышымызда шек жоқ. Мейірбек-Рәбиға бақытты болыңдар!", - деп жазып қойды.

Жас келін Қызылорда облысының Шиелі ауданының тумасы екен.  Оның есімі - Рабиға Аябекова. Мейрамбек Беспаевтің әулеті Шиеліге барып, қалыңдыққа арнайы құда түсіп, "сырға салу" рәсімін орындады. Келінге сырғаны Мейрамбектің жары Мархабат салды.

Желі қолданушылары Беспаевтар әулетін бұл қуанышпен құттықтап, екі жасқа бақыт тіледі.

Тағы оқыңыздар:

Футболдан Қазақстан құрамасы Польшамен тең түсті (фото, видео)

Назарбаев әлемдік экономиканы қалай жандандыруға болатынын айтты

Қытайдан 51 кәсіпорын Қазақстанға көшіріледі

Сарапшы Өзбекстан президенті болуы мүмкін үш кандидаттың есімін атады

Обама: Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ үшін жақын дос және сенімді серіктес

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1241407-meyrambek-bespaev-kelin-tusirdi-foto/

pixel