Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 17 жастағы қызды аяусыз өлтірген такси жүргізушісіне үкім шықты

Опубликовано:

Шымкентте 2 апта бойы жоғалды деп саналған студент қызды аяусыз өлтірген қылмыскерге жаза тағайындалды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін қылмыстық іс бойынша мамандандырылған ауданаралық сот үкім шығарды. Істі қарау шамамен екі айға дейін созылды. Жауапқа тартылған 25 жастағы Әлішер Арғымбаев Қылмыстық Кодекстің 99-бабы және 188-бабы бойынша айыпты деп танылды. Ер адам қатаң режим колониясында 16 жылын өткізеді.

Сот айыпкердің 10 мамыр күні студент қызды аяусыз өлтіргенін анықтады. 17 жастағы Әйгерім Оспанбекова Жаңатұрмыс ауылының тумасы, Шымкент қаласындағы университет студенті. Әйгерім ауылынан қалаға жету үшін Әлішердің көлігін тоқтатқан. Ер адам бұрауышпен қызды 8 жерінен жарақаттаған, ұялы телефоны мен 8,5 мың теңгесін алған. Қыздың денесін жүксалғышқа салып, Бағыс ауылына апарған және жолдың жиегіне көміп тастаған.

Әйгерімнің туыстары берілген жазаны жеңіл деп отыр, әзірге олар қарсы шағым түсіре ме, жоқ па белгісіз. Қорғаушы тарап та сот шешіміне қарсы шығуы мүмкін. Сотталушының анасы ұлының кінәсіз екенін, полицияның жала жауып отырғанын, нағыз қылмыскердің әлі табылмағанын айтуда.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбе өңірін басқарып отырған Сапарбаев неден қорқады?

Алматыдағы алғашқы қоңырау: Алматы мектептері бір сыныпта 40-45 баладан оқытуға мәжбүр (фото)

Назарбаев Әнұран ойнағанда қосылып шырқамаған шенділерді ұялтты

Назарбаев: Бір қолға жүздеген мың гектар жер беруге болмайды

Алматыда баласының сал ауруына шалдыққанын естіген келіншек күйеуі мен ұлын тастап кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1238523-shymkentte-17-zhastaghy-qyzdy-ayausyz-oltir/

pixel