Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев Әнұран ойнағанда қосылып шырқамаған шенділерді ұялтты

Опубликовано:

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысы кезінде үкімет мүшелері Әнұранды жатқа білуі керек деп мәлімдеді.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында президент Нұрсұлтан Назарбаев мінберге шыққаннан кейін Қазақстанның Әнұраны қосылды. Мемлекет басшысы оң қолын кедесуіне қойып тұрып, Әнұранды толығымен айтып шықты, деп xабарлайды BNews.kz.

Президент тұрған мінбердің микрофонын алдын-ала қосып қойған болуы керек, Нұрсұлтан Назарбаевтың Әнұранды дауыстап тұрып айтып тұрғаны бүкіл залға естілді. Оны көрген депутаттар да қосылды.

«Депутаттар мен үкімет мүшелерінің Әнұранның сөзін біліп, әнін айтып тұрғаны жарасады, жөн болады. Үндемей тұрмай...», - деді мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, бүгін алтыншы сайланған Қазақстан парламентінің екінші сессиясы ашылды. Сессияның ашылу барысына Қазақстан президенті қатысты.

Тағы оқыңыз:

Қайрат Боранбаев Ресейдегі «Макдональдс» франшизасын сатып алмақ

Ислам Каримов Өзбекстан халқын тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады

Пышақпен қаруланған ер адам Алматы тұрғындарының зәресін ұшырды (видео)

Харкиге су жаңа пәтер сыйлаған Сапарбаев оны қазақ тілін үйренуге шақырды

Кәрім Мәсімов алғашқы ұстазы туралы айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1238022-nazarbaev-anuran-aytpaytyn-sheneunik/

pixel