Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамандар кеңесі: Аптасына неше рет жыныстық қатынаспен айналысу керек?

Опубликовано:

Жыныстық қатынас жасауға деген құмарлықтың қалыпты күйін табу адам баласына қиындық тудырады. Бұл мәселе көптеген адамдарды алаңдатады. Кейбіреуі жыныстық қатынастың жиі болғанын қаласа, кейбіреуіне айына бір рет жыныстық қатынасқа түсу де жеткілікті деп жазады kenester.kz сайты.

Жыныстық қатынасқа түсуге деген ниеттің жиілігі темперамент пен адам денсаулығына байланысты екені құпия емес.

Жыныстық қатынаспен аптасына қанша рет айналысу керек?

Сіздің сексуалдық қажеттілігіңіздің қалыптылығын анықтауда мынаны ескеруіңіз керек: әр адам жеке тұлға болғандықтан, өз ерекшеліктері бар. Біреуге күніне бірнеше реттен керек, біреулерге, тіпті аптасына бір рет болғанының өзі көптік етеді. Сонымен қатар параметр өзгеріп отырады. Сіз үшін қалыпты деген жыныстық қатынастың санын сіз өзіңізге қолайлы болатын жыныстық қатынас санымен санай аласыз.

Ең жақсысы оны сіз денсаулығыңыз жақсы болған кезде, көңіл-күйіңіз көтеріңкі кезде санағаныңыз дұрыс. Сонымен қатар, махаббат, құштарлық және алғашқы жыныстық қатынас, сүйіп қалу секілді екі серіктің сексуалды тәбеті көтеріңкі болған кездегі жыныстық қатынастың өзіндік бір қобалжу әсерінен болған деп қабылдау керек.

Дегенмен де, әртүрлі дерек көздері осынау бір сұраққа өз білгендерінше жауап береді.

Жыныстық қатынаспен жиі айналысу керек пе?

Мысалы, ғалымдардың көпшілігі аптасына екі рет жыныстық қатынасқа түсу керек деген пікір айтады. Сексологтардың қалған бөлігі қалыпты жағдай — аптасына 5 рет дейді.

Қалай болғанда да, сауатты дәрігерлердің тұжырымы, ер адамдарға шаршап қалмауы үшін серігіне өзінің мықтылығын көрсету мақсатында бір түнде бірнеше жыныстық қатынасқа түспеу керек. Шаршап қалу қаупі туындағандықтан адамның ойлау қабілеті мен физикалық қабілеті әлсірейді.

Қосымша факторлар

Қарама-қарсы жынысқа деген сексуалдық құштарлық деңгейі жас келген сайын өзгеріп отырады. Кейбіреулерге үлкейгенде бұл процесс айқын бола бастайды, кейбіреулерге айырмашылығы болмағандықтан, жас кезіндегідей болады.

Тағы да оқыңыздар:

Алматы облысында өгей әке кішкентай қыздарын зорламақ болған

Теміртауда белгісіз біреулер Лениннің ескерткішіне оқ атты

Алматыда төсек қатынасы үшін пәтерін жалға беретін жігіттер көбейген

Астанада парамен ұсталған жас шенеунік 12 жылға сотталуы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1206468-mamandar-kenhesi-aptasyna-neshe-ret-zhyn/

pixel