Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық режиссер фильм түсіру үшін пара сұраған Мұхамедиұлын масқаралады (видео)

Опубликовано:

Кинорежиссер Талғат Жәнібеков министр Арыстанбек Мұхамедиұлын пара сұрады деп айыптап, шулы бейнемәлімдеме жасады. Бұл туралы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Видеода Талғат Жәнібеков "Феникс" атты фантастикалық триллерді уақытылы аяқтай алмайтынын айтқан. Ғарышкерлер күніне түсіріліп бітуі тиіс фильмнің тұралап қалғанына режиссер министрді кінәлады.

"Біз "Феникс" фильмін Ғарышкерлер күніне жақын аяқтаймыз деп жоспарлаған болатынбыз. Алайда Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы болғалы бері бар жоспарымыз іске аспай қалды. Жаңа басшылық біздің картинаны заңсыз қысып тастады. Енді біз әрі қарай жылжи алар емеспіз", - деп назын білдірді режиссер.

"Арыстанбек Мұхамедиұлы халықты күлдіріп, талай былыққа кірді. Алайда бұл жай күлкі емес, күйінішке толы күлкі болып отыр. Көзімізге жас алып күлуімізге тура келіп отыр. Ондай адам мәдениет саласын басқарғаннан кейін бүкіл әлем біз туралы не ойлайды?", - деп сұрақ қойды Жәнібеков.

Оның айтуынша, жоба тоқтап қалғасын, түсірілім тобы сотқа жүгінген.

"Біз былыққа толы бірнеше соттың алдынан өттік. Мұның бәрі қоңыраумен шешілетінін жақсы білемін. Америкалық әріптестерім барлық дәлелді құжаттар бола тұра, сотта жеңілгенімізге таң болды", - дейді режиссер.

Талғат киноны қаржыландыру үшін министр одан пара сұрағанын алға тартты.

"Билік жұмыс істемейді. Біз ұрлық болып жатқанын дәлелдейтін құжаттарды көрсетудеміз. Ұрлыққа қатысы барлар арасында актер, продюсер, "Қазақфильм" продюсерлік орталығының вице-президенті Серік Жұбандықов және министр Арыстанбек Мұхамедиұлы бар. Мұхамедиұлының адамдары маған мүлдем келісімімді бере алмайтын сұрақтармен келді. Жоқ дегеннен кейін жобамызды тоқтатып тастады", - дейді Жәнібеков.

Айта кетерлігі, "Феникс" төңірегінде дау-дамай 2015 жылдан басталған. Арыстанбек Мұхамедиұлы кей жерлері жөнге келтірілмегендіктен, жобаны қаржыландыру уақытша тоқтайтынын алға тартқан болатын.

"Фильмнің бастпақы жұмыстарына 100 млн теңге бөлінді. Мен режиссерге фильмді қолдайтынымды айттым. Алайда өзіне одақтас ретінде үздік танымал шеберлерді тартуы керектігін айттым. Алайда өзі режиссер, өзі продюсер, өзі сценарий авторы болса, бұл күмән келтіреді. Ол Ермек Тұрсынов, Ардақ Әмірқұлов секілді өз ісінің шебері болса, әңгіме өзгеше болар еді. Ол өзім түсіремін деп қоймайды. Фильмді түсіру үшін 550 млн теңге сұрап отыр, бұл дегенің 3 млн доллардан көп. Мен "Феникске" қарсы емеспін. Тек жақсы туынды шығуы үшін бәрін ескергенін қалаймын", - деп түсіндірді министр.

Тағы да оқыңыздар: 

Қайрат Келімбетовтің ұлы АҚШ-та, қызы Швейцарияда тұратын болып шықты (фото)

Қостанайдың бұрынғы жемқор әкімі мемлекетке 85 млн теңге қарыз болып қалды

Кәрім Мәсімов Петропавлдағы әуежайдың сиқын көріп шошып кетті

12 шілдеге арналған жұлдыз-жорамал

Алдағы бірнеше күнде ел аймақтарында аптап ыстық болады

Ерасыл Әубәкіровтің жантүршігерлік өліміне қатысты тергеу аяқталды

Мұхтар Шаханов: Бізді Жер туралы комиссияның құрамына халықтан қорыққасын кіргізді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1186415-otandyq-rezhisser-ministr-mukhamediul/

pixel