Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бір жарым жастағы інісін өзенге құлатып алған әпкесі фотоға түспек болған

Опубликовано:

Өзенге құлап кеткен бір жарым жастағы нәрестені іздеу үшін 40 полицей мен ТЖ қызметкерлері тартылды деп хабарлайды NUR.KZ порталы Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бостандық ауданы Ішкі істер басқармасының мәліметтеріне сәйкес, бұл қайғылы жағдай шамамен кешкі сағат алтыда «Алма-Арасан» шатқалында болған. Бір жарым жастағы бала өзінің 15 жастағы әпкесінің қолында болған. Ол өзеннің қасында інісімен фотоға түспек болған. Алайда қыз бала абайсызда құлап кетіп, қолындағы нәрестені ұстай алмай қалған.

«102-ге хабар беріле салысымен бірден жедел-іздеу тобы құрылып, 20 учаскелік полицей, 28 ювеналды полиция қызметкері және ТЖД қызметкерлері тартылды. Сонымен қатар 12 бірлік полиция техникасы әкелінді. Өкінішке қарай, әзірге іздестіру шаралары нәтиже бермеді. Соталды тергеу басталып, куәгерлер сұраққа алынуда. Бүгінде 20 полицей, 20 ТЖ қызметкері, және төрт полиция техникасы іздеу шараларын жалғастыруда», - дейді Бостандық ауданы ІІБ полиция подполковнигі Берік Әбілбеков.

Тағы да оқыңыздар: 

Оралда сұлулық салонында көз жұмған әйелдің туыстары мәскеулік косметологты кешірді

Седов жаттықтырушысын оның атынан ипотека алып, төлемей жүрді деп айыптады

Ақтөбеде жұрт терактіден кейін қару-жарақ дүкендерін жабуды талап етті

Ақтөбедегі операция кезінде олқылық жіберген лауазымды шенділер жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Алматыда ана 1,5 жастағы баласын өзенге құлатып алды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1160635-almatyda-naresteni-ozenge-qulatyp-al/

pixel