Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақытбек Есентаев әуежайдан әйелін күтіп алуға пышақпен барған

Опубликовано:

Талғар аудандық сотының судьясы Ілияс Мұхаділұлы Бақытбек Есентаевты екі айға дейін қамауға алу жөнінде шешім шығарды, деп хабарлайды BNews.kz.

«ҚР ҚК 21-бабы 2-бөлімі және 99-бабы бойынша (адам денсаулығына зиян келтіру және өміріне қастандық ойлау) Бақытбек Есентаевты екі айға дейін мерзімге қамауға алу жөнінде шешім шығарылды. Істің басқа егжей-тегжейі тергеуге байланысты жария етілмейді», – деп мәлім етті Талғар аудандық сотының баспасөз хатшысы Эльвира Аслаханова.

Бақытбек Есентаев қазір Талғар аудандық ІІБ уақытша ұстау изоляторында. Оны полицейлер ҚР ҚПК 128-бабы бойынша ұстаған болатын.

Іс материалдарына сәйкес, Бақытбек Есентаевтың әйелі Баянды Chevrolet Cruze көлігімен әуежайға күтіп алуға барғандығы белгілі болды. Ол әуежайға суық қару алып барған. Ол қатты мас болғандытан, көлікті немере інісі жүргізген. Бақытбек Есентаев әйелін күтіп алған бойда көлікке жұлқылап мінгізіп, оны жол бойы көліктің артқы жағында соққыға жыққан.

Кейін күдікті інісіне көлікті тастап шығуды бұйырып, әйелі Баян Есентаеваға пышақ жұмсайды. Осы уақытта күдіктінің немере інісі туыстарына телефон шалып, болған жағдайды баяндайды. Содан соң, ата-анасына тоқтау айту үшін олардың үлкен қызы Айсәуле келген.

Еске сала кетейік, 10 маусым сағат 12.05 шамасында Баян Есентаева қансыраған күйінде Талғар аудандық ауруханасына жеткізілген болатын. Дәрігерлер оның бас сүйегінен жарақат алып, ішінен пышақталғанын анықтады. Оған жедел ота жасалды.

Бұған дейін мәлім болғандай, Құлжа тас жолы бойында ерлі-зайыпты арасында жанжал болған.

Тағы да оқыңыздар:

Әйелін өлімші етіп сабаған Баян Есентаеваның күйеуі 7 жылға сотталуы мүмкін

Баян Есентаеваның ауруханадағы суретін таратып жіберген адам іздестіріліп жатыр

Баян Есентаеваның күйеуі кісі өлтіруге оқталды деп айыпталуда

Баян Есентаеваның сіңілсі қазақстандықтарға үндеу жолдады

Дәрігер Баян Есентаеваның қазіргі жағдайын айтып берді

Баян Есентаеваның күйеуі туралы не білеміз? (видео)



Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1158636-baqytbek-esentaev-auezhaydan-ayelin-k/

pixel