Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада екі аяқты мысық пен алты аяқты қозы туылды (фото)

Опубликовано:

Естімеген елде көп. Соңғы уақытта Қызылордада жаратылысы өзгеше жануарлар дүниеге келуде. Олардың бірі алдыңғы екі аяғы жоқ мысық болса, екіншісі алты тұяқты қозы. Таң қаларлық жайттарға Stan.kz сайтының тілшісі куә болып қайтты.

Бұл мысық Қызылорда қаласына қарасты Қаракөл ауылында дүниеге келген. Туылғанына 1 ай болған бұл жануардың алдыңғы екі аяғы жетілмей қалған. Кішкентай марғау соған қарамастан, асыр салып ойнап, бауырымен жорғалайды. Тіпті кей-кезде адам секілді екі аяғымен жүріп таң қалдырады.

Анасының аты – Маркиза. Егелерімен тұрғанына 4 жылдан асқан. Үй жануарының иесі осы уақытқа дейін мұндай жағдайдың болмағанын айтады.

"Шынымды айтсам, басында шошып кеттік. Тіпті, ұзатпай көзін құртамыз ба деген ойлар да болды. Бірақ мысықтың қарғысынан қорықтық. Обал болды. Қазір анасының жанында жүр. Үйімізде қалдырамыз деп шештік", – дейді ауыл тұрғыны Фарида Шалбаева.

Жаратылысы ерекше мысықпен бірге тағы да екеуі дүниеге келген. Алайда, оларды жаңа иелері алып кеткен. Бауырларынан бөлектенген мысық басында жалғызсыраған екен. Қазір біртіңдеп үйренісіп келеді.

Табиғаттың мұндай тосын әрекеті көпшлікті таң қалдыруда. Алайда, жұрттың басым көпшілігі экологияның зардабы болуы мүмкін деген пікірде.

Қаракөл ауылында жаратылысы өзге жануарлардың тағы бірі – алты аяқты қозы. Сәуірде туылған жануардың төс тұсынан тағы екі тұяғы салбырап тұр.

Алайда, бұл құбылыс қозының емін-еркін қозғалып, жүріп тұруына кедергі келтірмеуде. Жануарлардың бұлайша туылуы жергілікті тұрғындарды шошытып жатқандары рас.

Ауаның уланғанынан дүниеге келетін балаларымыз да кеміс болып туылмаса дейді.

Тағы оқыңыз:

Елді есеңгіреткен ең есте қаларлық қазақ тойлары

300 рет үйленіп, ажырасқан мысырлық жігіт жұртты есеңгіретіп тастады

Ғалымдар саясаткерлер мен маймылдардың ұқсастығын тапты

Барселонаға бару үшін 18 себеп

"Ең әдемі қылмыскер қыз" ғаламторда жұлдызға айналды (фото)

Қытайлықтар Coca-Cola-мен өрт сөндіруге болатынын дәлелдеді (видео)

Ресейлік ерлі-зайыптылар аюды өз баласындай асырап отыр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1146113-qyzylordada-eki-ayaqty-mysyq-pen-alty/

pixel