Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияның ең үздік актрисасы анықталды

Опубликовано:

Жастар клубы және Дүние жүзі жастар саясаты қауымдастығы ұйымдастырған «Түркия жастары сыйлығы» байқауына 22 мемлекеттен 15 миллион дауыс беріліп, ең үздік дарын иелері анықталды.

Бұл туралы шетелдік басылымға сілтеме жасап 24.kz хабарлайды.

Жылдың ең үздік телехикая актрисасы болып, Түркияның белгілі актрисасы Туба Бүйүкүстүн танылды.

Туба қазақстандық көрермендерге «Арам ақша. Махаббат» (Kara Para Ask), «Жөке ағашының саясында» (Ihlamurlar Altında), «Аси» (Asi) телехикаяларындағы бас рөл арқылы танылды.

Ал ең үздік телехикая актері марапатына Барыш Ардуч лайық деп табылды. Енді қос актерге сыйлықтары 4 мамыр күні салтанатты кеште табысталады. Ал музыка саласындағы ең үздік талант сыйлығы әнші әрі сазгер Мұстафа Джеджели мен Сылаға бұйырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1117338-tuba-buyukustun-zhyldynh-enh-uzdik-telekh/

pixel