Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрмысқа шықпаған қыздар Маржан Сұлтанбайдың сөзіне өре түрегелді

Опубликовано:

Қазақстанның бойдақ қыздары тележурналист Маржан Сұлтанбайды бала-шағасы бар қаламгердің төсегі суыған деген болжамы үшін тағы сынның астына алды, деп жазады Korrespondent.kz.

Бұл әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, оқырмандар «үш-төрт баласы бар әпкемінң төсегіне тиіскені ұят болыпты. Жалпы жаңа түскен қазақтың келіндері төсек жайлы әңгіме айтпау керек қой көпшілік алдында!», - деп пікірін қалдырған.

Тағы бір қолданушы «Жығылып жатып, сүрінгенге күлетін заман болды ғой. Өзі қанағаттанып жүрсе болды емес пе? Жұртта несі бар?», - деп ойымен бөлікен.

Желіде көпшілік қазақстандықтар тележурналистен ондай әрекетті мүлдем күтпегенін жазып, бұл әңгімеге тек әйел азаматтары емес, ерлер де араласып, олардың бірі мұндай сөз «төсекке тоймайтын қатынның әңгімесі» деген пікірін қалдырған.

Айта кетейік, бұған дейін Маржан Сұлтанбай қазақтың тым ырымшыл екенін айта келе, көптеген ырым-сенімнің мүлдем ақылға қонымсыз екенін мәлім еткен болатын.

Қазақстандық тағы бір журналист Нәзия Жоямергенқызы Маржан Сұлтанбайды «діни радикалистер қолындағы «қолшоқпарға» теңеген соң, тележурналист өз жауабын беріп үлгерді. Тіпті өзі туралы пікір айтқан қаламгер жайында мәлімет жинағанын да жасырмаған.

“Анау Жазғышбековна туралы сұрастырсам, өзі əркімге бір қырғидай тиіп-тиісіп, елді түгендеп отыратын адам екен. Психологтардың айтуынша, төсегі – суық, күйеуі жайсыз болса, əйелдер көздері алақ-жұлақ етіп өзгеге тиіскіш, болмашыға ашуланғыш, жан-жағын жаман сөзбен жайпағыш боп кетеді. Үйінде береке болмаған соң, әйелдің  жүзі бал-бұл жанып жүрмейді. Ондай бейшараларды аяу керек…”, - деген болатын Маржан Сұлтанбай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1088654-turmysqa-shyqpaghan-qyzdar-marzhan-sult/

pixel