Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзінен бұрын әні танымал болған әнші тыңдарманмен кездеспек

Опубликовано:

"Көк жөтел" әнімен түрік тыңдармандарын да жаулап алған қазақ әншісі Ғалымжан Жолдасбай ендігі кезекте ел аралап жеке кешін бермек, деп хабарлайды Baistars.kz.

Әзілге бір табан жақын Ғалымжан  шығармашылық кешінің тақырыбын қызықты етіп таңдаған.

«Көк жөтел - Ғалымжан Жолдасбай, әнші - Ғалымжан Жолдасбай, жыршы - Ғалымжан Жолдасбай, күйші - Ғалымжан Жолдасбай, мааа-маржан - Ғалымжан Жолдасбай» деп аталады әншінің жеке есеп беру кеші.

Екі бөлімнен тұратын ән кешінде терме, жыр, рэп жанрларын орындасам деген Ғалымжан Жолдасбай тыңдармандарына үнтаспасын тегін таратпақ. Оңтүстік Қазақстан облысынан бастау алған кеш Қытай, Моңғолия елдерінде жалғасын табуы мүмкін.

Бір қызығы, күні бүгінге дейін күйшілік өнерін жасырып келген жыршы осы концертінде халыққа шертпе және төкпе күйдің құдіретін танытамын деп отыр.

Тек қазақтың жаңа жылын тойлауды дәстүрге айналдырған әнші Наурыз мерекесіне өз-өзіне сыйлық жасаған. Ғалымжан үнемі жанына серік еткен домбырасын тапсырыс бойынша жаңалатқан. Америкалық ағаштан ойып жасалған домбыраның бір ерекшелігі, электр қуаты арқылы жұмыс жасайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1088244-ozinen-buryn-ani-tanymal-bolghan-anshi-t/

pixel