Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ливанда 75 жеткіншек қыз бала секс-құлдықтан босатылды

Опубликовано:

Ливанның қауіпсіздік күштері елдегі адам саудасымен айналысып келген ірі қылмыстық топтың жолын кесіп, кәмелет жасына толмаған 75 қызды жезөкшеліктен босатты.

Бұл туралы Reuters жергілікті полиция өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады деп жазалы Skifnews.kz.

Құқыққ орғаушыларының айтуынша, құлдықта болған қыздардың көбі сириялықтар. Олардың біразын босқындар лагерінен ұрлап әкетіп, өз жерлестері сатып жіберген екен.

Тергеу барысында белгілі болғандай, қылмыстық топ өкілдері қыздарды ұрып-соғып, зорлық көрсеткен. Ал, егер жезөкшеліктен бас тартатын болса жалаңаш суреттерін туыстарына жібереміз деп қорқытыпты.

Рейдтік шара барысында аталған топтың 18 өкілі ұсталды. Олардың 10-ы - ер азамат, 8-і - әйел. Қылмыскерлер қыздарды түнгі клубтарға, жалдамалы пәтерлерге өздерімен бірге алып жүрген. Ұйымдасқан топ Ливан астанасының солтүстігінде орналасқан Джуния қаласында әрекет еткен. Топтың екі өкілі қашып үлгерген, қазір іздеуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1088002-livanda-75-zhetkinshek-qyz-bala-seks-quldy/

pixel