Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар енді жылжымайтын мүлікті сату кезінде 10%-дық салық төлеуге міндеттелуі мүмкін

Опубликовано:

Жаңа Салық кодексінің концепциясы 2017 жылдан бастап қолданысқа енеді. Оған сәйкес, тұрғындарға жылжымайтын мүлікті сату кезінде 10%-дық салық төлеуге тура келеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы "Крышаға" сілтеме жасап.

Еске салсақ, кодекстің қазіргі нұсқасы бойынша үй немесе пәтер тұрғынның иелігінде 1 жылдан астам уақыт болса, ол мүлкін сату уақытында салықтан босатылады.

2015 жылдың қарашасында бұл норма алынып тасталды. Сол себепті, наурыз айы бойы қалалық мемлекеттік кіріс департаменттері тыңдалым ұйымдастырып, бұл мәселені талқыға алды. Ол үшін салықшылар кәсіпкерлер мен қоғамдық бірлестіктердің мүшелерін тартқан.

Соңғы отырыста журналистер аталмыш салықтың кей тұстарынан хабардар болды.

"Біздің топ бұл салықты есептеу кезінде әділ болу үшін, мүлік бағасына әсер ететін негзігі инфляция көлемін және иелік ету кезіндегі жөндеу жұмыстарына кеткен шығындарды есепке алуды ұсынады. Тағы бір нұсқа - мүлікті сату кезінде иелерін салықтан тек мүлікке бес жыл иелік еткеннен кейін ғана босату", - дейді мемлекеттік кіріс департаментінің өкілі Еділ Әзімшайық.

Бұдан бөлек спикер үй салығы мен жер салығын біріктіріп, "мүлікке салық" деп атауды ұсынуда.

Айта кетерлігі, әзірге техникалық түгендеме бюросы (техникалық түгендеме жасайтын ұйым, ТТБ) жер мен үйдің бағасын базалық мөлшерлеме бойынша есептеуде.

"Бұл салықты есептеуде бірнеше ұсыныс бар: мәселен, жеке үй иелері бес жылда бір рет үйін тәуелсіз бағалаудан өткізуі тиіс. Ал пәтер иелері үшін бәлкім жердің кадастрлық құны есепке алынады, ал пәтердің құнын жыл сайын ТТБ есептеп отырады", — дейді Әзімшайық.

Барлық салықтар бойынша өзгерістер ағымдағы жылдың қазан айына дейін қабылдануы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1087768-qazaqstandyqtar-endigi-zhylzhymaytyn/

pixel