Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Перуашев "Ақ жол" партиясының негізгі мақсаттары туралы мәлімдеді

Опубликовано:

«Ақ жол» партиясының  негізгі мақсаты – демократиялық ұстанымдарды кеңейту. «Ақ жол» партиясынан сайланған Азат Перуашев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Мәжіліске «Ақ жол» партиясынан 7 депутат сайланды. Біздің негізгі ұстанымдарымыз баршаға белгілі. Олар – ең алдымен тәуелсіздігімізді, мемлекеттілігімізді нығайту, бәсекеге қабілетті нарықтық экономиканы дамыту, жекеменшік бизнесті қолдау, сыбайлас жемқорлықпен күресу, яғни, демократиялық ұстанымдарды кеңейту сияқты мақсаттарымыз бар. Сол бағыттар бойынша жұмыс істей береміз», - дейді Азат Перуашев.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Орталық сайлау комиссиясы VI шақырылған ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттарын тiркедi. ҚР ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов жаңадан сайланған депутаттарға куәлiктер мен төсбелгiлер табыстады.

«Нұр Отан» партиясының тiзiмi бойынша 84 депутат, Қазақстанның «Ақ жол» партиясының тiзiмi бойынша 7 депутат, ҚКХП-дан 7 депутат, Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 депутат тiркелдi.

Жаңадан сайланған депутаттар қатарында Бекболат Тілеухан, Нұртай Сабильянов, Сауытбек Әбдірахманов, Қуаныш Сұлтанов, Владимир Божко, Тұрғын Сыздықов, Ольга Шишигина бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1080296-peruashev-aq-zhol-partiyasynynh-negizgi-m/

pixel